02 Ақпан, 2017

Зор қызығушылықпен таныстым

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мен Президент Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын зор қызығушылықпен оқып шықтым. Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінен, өнеркәсіп пен жоғары технологиялық өндіріс саласының жағдайынан хабардар адам ретінде, мені цифрлық технологияның елдің дамуындағы басым бағыттардың бірі болатыны қуантты. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу туралы стратегиялық мақсаты бар ел ретінде, цифрлық технологияны дамыту Қазақстан үшін осы бағыттағы ең маңызды әрі дұрыс даму векторы болып табылады. Өзімнің профессорлық тәжірибем мен өз елімнің тәжірибесін назарға ала отырып, біздің елдеріміздің арасында өзара өнімді әрі пайдалы қатынас орнатуға көптеген мүмкіндіктер туатынына сенімдімін. Израиль жоғары технологияларды дамытуда алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналады. Өз басым екі мемлекет арасында бірқатар ортақ жобалар жүзеге асырылады деген үлкен үміттемін. Қазақстан Президентінің Жолдауымен танысқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешімі менің табысқа жетуге деген сенімімді нығайта түсті. Кеннет СЕГАЛЬ, «Хадасса» Иерусалим колледжі өнеркәсіптік дизайн кафедрасының профессоры