Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.
Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, заманауи техникалық білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.
Елбасы халыққа Жолдауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек», деп атап өтті. Расында, кейбір азаматтардың діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алып, шетелдік ғалымдардың пәтуасымен жүруді аңсайтыны жасырын емес. «Жиһад» ұғымын дұрыс түсінбей, қару ұстап, шет ел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны белгілі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасының ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы сөзі дер кезінде көтерілген мәселе дер едім.
Жолдауда Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін баса айтты. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен отанына, дініне қиянат жасамайды.
Біз, түрлі саланың жетекшілері халықтың бірлігі мен ынтымағына сызат түсіретін кез келген қоғамдық бүлікке жол бермеуіміз қажет. Терроризм мен экстремизмге біртұтас халық болып қарсы тұруымыз керек.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқталды.
Расында, бүгінгі аға буын мен олардың ізін басып келе жатқан орта буын өкілдерінің негізгі миссиясы – жастардың көкірек көзін ашу, рухани дүниетанымын байыту және оларда мемлекетшіл әрі ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.
Мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар, оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тәрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы қауым өкілдері тәлімін айтса, өскелең жастар көргені мен естігеніне амал ететін болады.
Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.
Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет.
Алла тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бірлік пен береке нәсіп еткей! Әумин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти

Алматыда заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше