Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы елімізді экономикалық тұрғыдан дамытуды жалғастыру мәселесіне арналды. Бұл – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, соңғы жылдардағы «санкциялар соғысы» сияқты келеңсіз әсерлердің салдарынан энергетикалық ресурстардың бағасы құлдырап, экономиканың өсуі біршама баяулаған еді. Енді, міне, Елбасы осындай келеңсіздіктерді еңсеру жолдарын көрсетіп берді. Соның ішінде ІТ технологияларды өндіріске енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны атап айтылды. Бұл бұрын да айтылып жүрген мәселелер болғанымен, енді солар жаңа күшпен, жаңа бастамашылықпен қолға алынар деген үміт бар.
Сонымен қатар, Елбасы қорғаныс пен қауіпсіздік мәселесін нығайту керектігін де атап өтті. Түрлі қатерлерге қарсы әрекет ететін әлеуетті күштерімізді дамыту мен қорғаныс қабілетімізді арттыру ешқашан да Елбасының назарынан тыс қалған емес.
Елбасы «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қайта жаңғыртып, оған тың серпін беру керектігін де Үкіметке жүктеп отыр. Алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарына ену жоспары да жаңғыртылып, оны жаңа күшпен ілгерілету міндеті де айтылды. Президенттің сөзіндегі өзіме қатты әсер еткен нәрселердің қатарында ағылшын тілін меңгерудің тың серпін алатындығы болды. Елбасы жоғары сынып оқушылары ағылшын тілін еркін меңгеріп, онымен таза сөйлейтін дәрежеге жетуі керектігін алға тартты. Барлық экономикалық жаңалықтар, озық тәжірибелер мен жаңашылдықтар осы тілде болғандықтан, оны орыс тілінен аудармай бірден ұғу – қазіргі жастардың алдына міндет етіп қойылып отыр.
Меніңше, бұл орынды талап, өйткені, қазір бүкіл әлем бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеседі.
Абай ТАСБОЛАТОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты

Ләззат Қалтаева Жаңа Конституция мәтінін инклюзивті форматтарға аударуды ұсынды
Ата заң • Бүгін, 17:01
Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:57
Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды
Ата заң • Бүгін, 16:45
Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?
Аймақтар • Бүгін, 16:38
«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды
Ата заң • Бүгін, 16:12
Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:01
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:50
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Экология • Бүгін, 15:35
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 15:03
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:59
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33