02 Ақпан, 2017

2 ақпанға арналған ауа райы

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен бірге желдің күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Қостанай облысының  кей жерлерінде  жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болып, желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қарағанды, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болуы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, сондай-ақ, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20 м/с артады. Ақтөбе облысының  кей аумақтарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел 18 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүріп, түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15-20 м/с артады.