08 Қыркүйек, 2011

Пайдалы сөздік кітаптар

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жуықта Шым­­­­­кенттегі «Кітап» ЖШС баспа­ха­на­­сынан «Саутс-Ойл» ЖШС мұ­­­най компания­сы­ның  Астана қа­ла­­сы филиалының директоры, Қа­зақ­­­стан Респуб­ликасы Жер қой­на­уының үздік барлаушысы Айтбай Махамбеттің «Мұнай мен газ бойынша қазақша-орысша-ағыл­шынша сөздік» және «Мұнай мен газ бойынша қазақша-орысша сөз­дік», «Мұнай мен газ бойынша қазақша-ағылшынша сөздік» атты кітаптары басылып шықты. Кітаптардың аты айтып тұр­ғандай, оған еліміздің қарқынды даму үстіндегі мұнай мен газ секторында қызмет етушілерге, тех­никалық жоғары оқу орын­да­рының студенттеріне, сондай-ақ ағылшын тілін өздігінен үйрену­шілерге пайдасы мол 80 мың сөз және олардың орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары берілген. Сөздіктің берілу тәртібі ло­гикалық тұрғыдан түсінікті және анық. Оған мұнай-газ секторында бұрыннан қолданылып келе жат­қан сөздермен қатар соңғы кездері пайда болған және жиі қол­да­нылатын сөздер мен сөз тіркестері молынан енгізілген. Осы кітап­тың жарық көруі аталған саланың өзіндік кәсіптік терминдерін жал­пы оқырман қауымға түсінікті ету­ге қосылған кезекті үлес деп есептеуге болады. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.