02 Ақпан, 2017

Мұнайдың қымбаттауы теңге бағамын ұстап тұр

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де Лондон қор биржасында Брент маркалы мұнай құны кешегі сессиямен салыстырғанда 1,05 долларға қымбаттап, 56,60 долларға саудаланды, деп жазады investing. Мұнай бағасының қымбаттауына түрткі болған ОПЕК елдерінің өндірісті азайту туралы келісімінің өз уақытымен орындалуы. Қазіргі таңда ұйым мүшелері жоспарлы көрсеткіштің 83 пайызын орындап, нарықтағы экспорт көлемін айтарлықтай қысқартты. Ал бүгін түнде АҚШ Федералды қорының биылғы жылғы алғашқы отырысы өтіп, онда доллардың пайыздық үстемеақысы өзгеріссіз 0,75 пайыз деңгейінде қалды. Бұны Федералды қор басшысы Джаннет Йеллен АҚШ экономикасының артуы, елдегі жұмыссыздық азаюымен байланыстырды. Йелленнің осы сөзінен кейін доллардың өзге валюталарға шаққандағы бағамы көтеріле түсті. Ал бүгін KASE-нің таңғы сессиясында бір АҚШ доллары 324,78 теңгеге теңесті. Доллардың көтерілгенімен, теңге бағамының түспеуі мұнай бағасының көтерілгенімен байланысты болса керек.