02 Ақпан, 2017

"Қазақстан Темір Жолы" 20 жылдығын қорытындылады

670 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тура осыдан жиырма жыл бұрын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы  Үкіметінің «Қазақстан Республикасы темір жолдары кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысымен Алматы, Тың, Батыс Қазақстан темір жол басқармаларының бірігуімен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Кейінірек РМК басқаша ЖАҚ болып аталса, соңынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ болып қайта тіркелді. Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы көліктік-логистикалық оператор ретінде теміржол, теңіз порты мен әуежай инфрақұрылымы, көліктік-логистикалық орталықтарды басқарып, мультимодальдық толыққанды көліктік-логистикалық қызметті атқарады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиялық даму бағдарламасы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Қазақстанды халықаралық транзиттік хаб ретінде қалыптастырудағы елдің көліктік- логистикалық кешенін жасақтаудан туындап отыр. Компания «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын табысты жүзеге асыруда. Бұл орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан Жаңа Жібек жолы жобасының маңызы зор. Тәуелсіздік жылдары темір жол желісі 2,5 мың шақырымды құрап, өзінің бұрынғы ұзындығының бестен бірі қайта жаңғыртты. Жолдың жалпы ұзындығы 16 мың шақырымды құрады. Осы жылдары Ақсу-Дегелең, Хромтау- Алтынсарин, Шар-Өскемен, Жетіген-Қорғас, Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекара, Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл, Боржақты-Ерсай темір жолдары салынды. 2008 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік активін жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын бастап кетті. Осы жылдары 1000-нан астам локомотив, 37,5 мың жүк вагондары, 1500-ге жақын жолаушылар вагондары жаңғыртылып, 4700 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді. Соның нәтижесінде локомотивтердің тозығы жетуі 78% ден 51%-ға, жолаушылар және жүк вагондарының тозығы жетуі  85% дан 46% және 71% ден 44% ге дейін төмендеді. Теміржол инфрақұрылымының тозығы жетуі  69%-дан 52%-ға дейін азайды. Мемлекет басшысының биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы көлік және логистика саласына жаңа міндеттер жүктейді. Еуразиялық құрлықтағы жүк ағынын игеру үшін көліктік-логистикалық сыртқы және ішкі желілері жасақтаудың маңызы зор. Ол үшін көршілес елдермен транзиттік жүктердің еркін өтуін қамтамасыз ету, көліктік дәліздерді жаңғырту және үйлесімді жұмыс жасау арқылы еліміздің көлік және транзиттік әлеуетін толығымен пайдалану қарастырылады. Достық шекаралық станциясын жаңғыртып, жаңадан Алтынкөл өткелін ашу Қытайдан Еуропаға шығатын транзиттік жүк көлемін жылына 20 миллион тоннаға жеткізуге мүмкіндік әперді. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы мен халықаралық деңгейдегі дистрибуциялық орталық Қазақстан мен Қытайға және Еуропалық өңірдегі елдерге әлем нарығына шығуына жол ашты. 2015 жылы Құрғақ порт пайдалануға берілді. Мұнда сұраныс иелеріне «бір терезе» қағидаты бойынша көліктік-логистикалық қызмет кешенді түрде көрсетіледі. 2016 жылы Азия- Еуропа бағдарындағы контейнерлік жүк тасымалдау көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 100 есеге артты. Транскаспий көлік бағдарымен 2017 жылы транзиттік тасымал көлемін өсіру үшін кешенді тариф мөлшері бекітілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамына Ақтау теңіз порты қазіргі заманғы үлгідегі көпсалалы терминалы берілді. Ол жаңадан ашылған Құрық портымен толықты. Қазақстан аумағы мен шетелдерде терминальдық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мақсатында ел аумағында да, көршілес республикаларда көліктік-логистикалық орталықтар ашуда. Астанада Орталық Азияда, Кавказ, Сібірде теңдессіз көліктік-логистикалық орталық қазірдің өзінде 70 пайыздық көлемде жұмыспен қамтылды. Келесі жылы осындай орталықтарды Шымкент, Ақтөбе, Өскеменде ашу көзделуде. 2016 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарған шараларына да қатысты Қазақстанның халықаралық логистикалық LPI рейтингі 160 мемлекеттің ішінде 88 -орыннан 77-ге көтерілді. Бұл ТМД аумағындағы елдердің көрсеткішінен жоғары тұр. Соңғы жиырма жылда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ  халықаралық транзиттік тасымалдауды жоғары сенімділікпен әрі жылдам атқара алатын Компанияға айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанның көлік-логистикалық кешені Азия Еуропаның трансқұрлықтық бағдарының маңызды бөлігі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар

Көпшілік тілегі орындалады

Пікір • Бүгін, 09:45

Мұнайшылар шет қалмады

Референдум 2024 • Бүгін, 09:40

Реформалар жүйелі іске асырылып келеді

Референдум 2024 • Бүгін, 09:37

Ел пікірі екшелген сәт

Референдум 2024 • Бүгін, 09:35

Мерекелік рәуіште өтті

Референдум 2024 • Бүгін, 09:30