Ақтаудағы жылжымайтын нарықта баға түсімі жалғасып жатыр. Қаңтар айында баға 3,2 пайыз жоғалтқан. Желтоқсанмен салыстырғанда шаршы метр үй 8 350 теңгеге арзандап, 249 400 теңгені құрады, деп жазады krisha.kz.
Айта кету керек, қазіргі баға жарты жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға төмен. Тамыз айында шаршы метр баспана орташа есеппен 291 520 теңге болған еді. Бұл қазіргі көрсеткіштен 42 120 теңгеге көп.
Жыл бойы бір шаршы метрдің бағасы 39% арзандады. Өткен жылдың қаңтарында шаршы метр үй 428 100 теңге болса, бұл көрсеткіш қазіргіден 178 700 теңгеге артық.
Осылайша, 12 ай ішінде 40 метрлік бір бөлмелі үй бағасы 7 млн теңгеге арзандаған.