02 Ақпан, 2017

Қызылорда облысында құс фабрикасының құрылысы басталды

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылорда облысының Қармақшы ауданына құс фабрикасының құрылысы басталды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған идеологиялық актив жиынында мәлімдеді. -Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мәселесінің ақсап тұрған жайы бар. Сондықтан осы бағытқа ерекше назар аударуымыз қажет. Бұл үшін азық-түлік өндірісіне инвестициялар тартуда және өнімдерін терең өңдеу бойынша зауыттарды құруда барлық күшімізді салуға тиіспіз,-деді аймақ басшысы. Қ.Көшербаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ағымдағы жылы Қармақшы ауданында құс фабрикасының құрылысын бастауды тапсырды.    
Соңғы жаңалықтар