08 Қыркүйек, 2011

Жеңімпаздар жүлдеге ие болды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Соңғы жылдары қалыптасқан дәстүрге айналып кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтумен қатар өнім сапасына да игі әсер етудегі «Маңғыстаудың үздік тауары» конкурсының қорытындысы шықты. Аймақтық көрмені аралап, жеңімпаздарға марапат тапсырған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жүлдегерлердің ізденістері, тынымсыз еңбектері өңір экономикасын одан әрі индустрияландыруға ықпал етіп, облысымыздың қарқынды дамуда екендігін атап көрсетіп, алғыс сезімін білдірді. Жүлдегер атанғандар қатарында Ж.Дәрменов жетекшілік ететін «Жанарыс» ЖШС-і «Халық тұтынатын үздік тауарлар», Т.Қай­жанов басқаратын «Каскор-Машзавод» АҚ-ы «Өн­дірістік мақсаттағы үздік тауарлар», Р.Рахымжанова басшылық жасайтын «Волна» кондитерлік фаб­рикасы «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша бірінші орындарға ие болды. Жоламан БОШАЛАҚ, Маңғыстау облысы.