Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 сайыстарына қосымша билеттер сатылымға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұған көреремендер қызығушылығының артуы себеп болыпты. FISU жетекшілігі ұйым атына тіркелген орындардың көбін көреремендерге беретін болып шешті.
Мұның алдында хаттама бойынша трибуналардағы орындардың бір бөлігі FISU мен ресми делегациялар өкілдеріне, сондай-ақ спортшылар мен БАҚ өкілдеріне бөлінген болатын. Бұл сатылымға жатпайтын квоталар жалпы орындардың 30 пайызын құрайды. Қазіргі кезде FISU ұйымы осы квоталық орындардың 90 пайызын еркін сатылымға шығару туралы келісім берді.
Мәнерлеп сырғанау мен хоккей сияқты қызықты спорт түрлеріне билет сату бүгіннен басталады. Билеттерді онлайн және офлайн сатып алуға болады.
Билеттер алыпсатарлардың қолына түспес үшін бір адамға 5-8 билетке дейін ғана сатылады.
Бүгіннен бастап кез келген жарыс түріне билеттер туралы ақпарат Универсиада сайтының басты бетінде жарияланатын болады.
Қазіргі кезде Универсиадаға 184 мың билет сатылған (жалпы мөлшердің 80 пайызы) - бұл Қазақстанда өткен қандайда бір шараға сатылған билеттер бойынша рекорд көрсеткіш. Оның үстіне жарыс басталар алдында сұраныс тіптен артып кетеді. Мысалы, Универсиаданың ашылу салтанатынан кейін бірден 30 мың билет сатылған.

Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше
Қысқы Олимпиаданың алғашқы алтын жүлдесі кімге бұйырды?
Олимпиада • Кеше
Азия чемпионаты: Қазақстан жеңіл атлетикадан екінші алтын жүлдені жеңіп алды
Жеңіл атлетика • Кеше
Ертең еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция жобасы сарапшылардың қолдауына ие болды
Ата заң • Кеше
Жаңа Конституция мәтінін Брайль қарпімен жазу ұсынылды
Ата заң • Кеше