02 Ақпан, 2017

Facebook VR-технология ұрлау ісі бойынша сотта жеңілді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Facebook VR-технологияны ұрлау ісі бойынша өткен сотта жеңіліп қалды. Енді компания шағым түсірушіге 500 миллион доллар төлеуге міндеттелді, - деп хабарлайды recode.net.  Басылымның мәліметінше, сотқа ZeniMax студиясы шағым түсірген. Facebook 2014 жылы Oculus стартапын иемденбей тұрып, студия Facebook-тің VR-технологиялар бойынша маманы Лак Палмерді заңсыз түрде зияткерлік меншігін иемденді деп айыптаған. Содан ZeniMax студиясы сотқа шағым түсіріп, Facebook-тен алты миллиард долларды өндіріп алмақшы болған. Алайда сот айыппұл ретінде 500 миллион доллар төлеу туралы шешім шығарған. Енді Facebook компаниясындағылар апелляцияға бермекші.