02 Ақпан, 2017

Мұнай бағасы бір айлық максимумға көтерілді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана уақытымен бүгін 15:32-де Брент маркалы мұнай құны барреліне 57,08 долларға жетті. Айта кетейік, соңғы рет қара алтын құны осыдан бір айдай уақыт бұрын 6 қаңтар күні 57 доллардан асқан болатын. Нақтырақ айтар болсақ, 6 қаңтар күні Бренттің баррелі Лондон қор биржасындағы кешкі сессияда 57,32 баррельге дейін көтеріліп, сессияны 57 доллар айналасында қорытындылаған болатын. Мұнайдың қымбаттауы, сарапшылардың пікірінше, ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін азайтуы. Естеріңізге сала кетейік, өткен желтоқсанда нарықта тәулігіне 1,8 млн баррель өндіріс азайтамыз деп келіскен ОПЕК+ елдері қазіргі таңда бұл көрсеткіштің 83 пайызын орындап қойды.