02 Ақпан, 2017

Астанада «Нұрлы жол» бойынша 30 млн теңге игерілді

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының қаржы басқармасының мәліметінше, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 29 859,4 млн.теңге сомада бюджеттік қаражат бөлінді, оның ішінде игерілгені 29 773,4 млн.теңге (99,7%), деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қаржы жылумен – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта қалпына келтіру мен салуға, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) орнатуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерінің құрылысы және қайта қалпына келтіруге жұмсалды. Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру барысында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында қаражаттар тарту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару көзделді.