02 Ақпан, 2017

Трамп саясатынан АҚШ-тағы үй бағасы арзандап кетуі мүмкін

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың инвесторлары Трамптың кей мұсылман елдерінің азаматтарының елге кіруіне шектеу қояғаны үшін АҚШ-тағы жылжымайтын мүлік нарығынан шығып кетуі мүмкін, деп жазады mansionglobal.com. Қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер АҚШ-тағы үйлерін сатып жатыр. АҚШ-тағы бұл ахуал Британияның жылжымайтын мүлік нарығына керісінше тиімді болып тұр. Соңғы бірнеше күн бойы Таяу Шығыс пен Азия елдерінің азаматтарының лондондық Rokstone компаниясына жылжымайтын мүлік сатып алу үшін берілген өтінім саны 40 пайызға көбейген. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қарқын Торонто (Канада) мен Дубайда (БАӘ) да байқалмақ. Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтар күні АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия, Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан мен Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салған еді.