02 Ақпан, 2017

Қазақстанда инфляция 0,8%-ды құрады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 2017 жылы инфляция 0,8% құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. «Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,2%, азық-түлік емес тауарларына – 0,7%, ақылы қызметтерге – 0,4%-ға өсті.Өткен айда бағаның өсуі картопқа 6,9%, жаңадан жиналған көкөністерге – 6,7%, жаңадан жиналған жемістерге – 1,7%, сиір етіне – 1,5%, косервіленген сүтке – 1,3%, мәйекті ірімшікке – 1,2%, қара шайға – 1,1%, сары майға – 1%, кондитерлік өнімдерге – 0,9%, құс етіне – 0,8%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа, қарақұмық жармасына 0,8%-дан, жұмыртқаға – 0,2%-ға тіркелді», - делінген хабарламада. Баға өсімі баллондағы сұйытылған газға 3,4%, бензинге – 2,1%, автомобильдерге – 1,4%, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 0,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, фармацевтикалық өнімдерге, тұрмыстық аспаптарға – 0,8%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына – 0,6%-дан, жеке қолданатын тауарларға – 0,5%-ды құрады. Құқықтық қызметтер үшін төлем 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер – 1,2%, денсаулық сақтау қызметтері – 1%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 1,8%-ға қымбаттады, ал әуе көлігімен – 8,6%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігімен – 1,9%-ға арзандады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 5,6%, электр энергиясына – 1,3%, суық суға – 0,5%-ға жоғарылады.