Бүгін Шымкентте өтіп жатқан «Қазақстан-Түркия инвестициялық форумының» екінші күні аясында 50-ден астам отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, салаға жауапты жетекшілер мен түрік делегациясының құрамындағы 200-ге жуық кәсіпкерлер және отандық бизнесмендер, сонымен бірге, өңірімізге арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Ерсұлтан Бектұрғанов, Фахриддин Қаратаев, Кәрібай Мұсырман, Құдайберген Ержан, Мұхтар Ерман және Жанат Жарасовтар қатысты.
«Бүгін Сіздерге қосымша өңіріміздегі ең тартымды инвестициялық жобалармен қатар, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын да көрсететін боламыз. Сонымен бірге, облыста инвесторларға көрсетілетін қызметпен де танысасыздар. Маңызды шараға кәсіпкерлерге барлық кезде де қолдау білдіретін қаржылық даму институттары да арнайы қатысуда. Бұл инфрақұрылымдық, қаржылық және сервистік қолдаулар мемлекет тарапынан көрсетілетінін айта кеткен жөн. Сіздерге өздеріңіздің жобаларыңызға қатысты сұрақтарыңызды қоюларыңызға толық мүмкіндік бар», - деді аймақ басшысы.
Потенциалды түрік кәсіпкерлеріне өңірдің инвестициялық ахуалы мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімдерін таныстыруды, сол арқылы өзара тиімді серіктестікті орнатып, нығайтуға мүмкіндік жасауды мақсат тұтқан көрмеде отандық компаниялардың тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, медициналық жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру (резина мен пластикалық өнімдері, керамика және т.б.), машина жасау, жиһаз, жеңіл өнеркәсіп (кілем, арнайы киім, балалар мектептік форма, үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған киімдер, шұлық бұйымдар мен аяқ-киім) салаларындағы өнімдер ұсынылды. Айта кету керек, мұнда қойылған өнімдердің басым бөлігі Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындарында өндіріледі.
Ал ұсынылған 20-дан астам инвестициялық жобалар логистика және көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, энергетика, мәдениет және туризм салаларына қатысты болды.
• 02 Ақпан, 2017
Шымкентте отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті

Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды
Мектеп • Бүгін, 17:43
Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Алматыда жарапазан мәтініне арналған байқау қорытындыланды
Қоғам • Бүгін, 17:19
Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 17:10
Қазақстан • Бүгін, 17:02
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Теңге • Бүгін, 16:47
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Шин-Лайн» ұжымымен кездесті
Қоғам • Бүгін, 16:32