02 Ақпан, 2017

Илон Маск Қазақстанға келуі мүмкін

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бірақ оның нақты қай уақытта келетіні әлі анықталмады, деп жазады kapital.kz.  Атақты өнертапқыш, Tesla компаниясының бас директоры Илон Маскты ЭКСПО-2017 көрмесіне шақыру жұмыстары жүріп жатыр, деп мәлімдеді Украина ісі бойынша Қазақстанның сенімді өкілі Владимир Джиджора. Джиджора Масктың нақты қай уақытта келетінін айта алмады. «Менің ойымша, ЭКСПО тақырыбы Илон Маск үшін қызығушылық тудыруы тиіс. Тіпті, спикер ретінде шараға қатысуы мүмкін», — деді дипломат. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бұл туралы әзірге ешқандай мәлімет бермей отыр.