03 Ақпан, 2017

Ана мен бала өліміне кінәлілер жауап береді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырауда ана мен бала өлі­міне себепші болған дәрігерлер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында аймақтың бас дә­рігері Аманбек Жұмыров баян­дады. Өткен жылдың жел­тоқсан айында Индер ауданының 32 жастағы тұрғыны Гүлдана Же­кенова об­лыс орталығында нә­рес­тесімен бірге қай­тыс бол­ған еді. Артында жары мен үш баласы қалды. Қайғылы оқи­ғадан кейін марқұмның от­басы мен тума-туыстары ақ ха­латтылардың үстінен ша­ғым­данды. Осы жағдай бой­ын­ша тәуелсіз сарапшылар жұ­­мыс жүргізіп, медицина қыз­меткерлерінің тарапынан кемшіліктер болғанын көрсетті. Бұл мәселемен облыстық ішкі істер депар­таменті айналысып жатыр. «Жылыой, Махамбет, Ин­дер аудан­дарында бес ана өлімі тіркелді, – деді об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­­­қармасының басшысы А.Жұмыров. – Оның екеуі онко­логиялық, үш жағдай инфек­цияның ауыр түрі салдарынан болды. Қазір аймақтағы гинеколог, реаниматолог мамандар қайта оқытылып, біліктіліктерін көтеріп жатыр». Жалпы, медицина саласының мате­риалдық-техникалық дамуына өткен жылы 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген еді. Аталған қаржыға жедел жәрдем көліктері жаңартылды. «Кезексіз емхана» жүйесі ен­гізілді. Дәрігерлік көмек көрсету сапасы жыл сайын жақсарып келе жатқанымен, проблемалық тұстар әлі де бар. Қазірдің өзінде облысқа 111 дәрігер қажет. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Қазақстан • Бүгін, 17:02