08 Қыркүйек, 2011

Дипломатия халық мүддесіне қызмет етеді

635 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігіміздің 20 жылында еліміздің іргесі бекіп, халықаралық аренадағы беделі артты. Алыс-жақын шетелдерде елшіліктер ашылып, олар елмен елді жақындастыруға өз үлестерін қосып келеді. Біздің тілшіміз ғаламтор көмегіне жүгініп, Қазақ­стан Республикасының Литва Республи­касындағы Тө­тенше және өкілетті елшісі  Ғалымжан ҚОЙШЫ­БАЕВҚА қызметіне қатысты бірнеше сауал қойған еді. – Ғалымжан Тельманұлы, әуелі Қазақстанның Балтық жағалауы елдерімен және Фин­ляндиямен қарым-қаты­настары туралы әңгімелесеңіз. – Осыдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлем картасынан орын алды. Содан бергі кезеңде мемлекеттілігіміз қалыптасып қана қоймай, Қа­зақстан дү­ние жүзін­де­гі да­мыған елу елдің қа­тарына ұм­ты­луда. Еліміз осы мақ­саттағы ал­ғаш­­қы бас­пал­дақ­тар­дан сәтті өтіп келеді. Жаңа Қа­­зақстан әлем­дік аре­нада үлкен абы­­­ройға ие бо­лып, жа­һан­дық тү­­йін­дерді ше­шу­дің баста­ма­шы­сына ай­налды. Төр­де оты­­­рып, төрелік ай­татын дәрежеге көте­рілді. Тәуелсіздіктің алғашқы күн­дерінен-ақ егемен ел ретінде шет елдермен өзара тиімді бай­ланыс қалыптастыру мақса­тын­да басқа мемлекеттерде Қазақ­станның елшіліктері ашыла бас­тады. Қазақ­станның Балтық жа­ғалауы елдері және Финляндиямен дипломатия­лық қаты­нас­тары 1992 жылы орнады. Ал 1993 жылы Вильнюс қаласында Қазақстан Республика­сының Лит­­ва Республикасындағы елшілігі ашылды. Елшіліктің қыз­меттік аймағына Литва Респуб­ликасымен қатар Латвия, Эсто­ния және Финляндия кіреді. Осы уақыттан бері Латвия мен Эсто­нияда консулдық бөлімдер ашыл­ған, әр елдің астанасында және Литваның Клайпеда қала­сында Қазақстанның Құрметті консул­дық­тары дипломатиялық қаты­нас­тарға сай жұмыстар атқаруда. Финляндия мен Қазақстан арасындағы қатынастарды ны­ғай­ту үшін саяси тұрғыдан ал­ғанда барлық қажетті жағдай жасал­ғанын атап өткім келеді. Жоғары деңгейде өзара сенімге негізделген үнқатысу орнады, өзара іс-қимылдың негізгі ба­сым­дықтары белгіленді, Үкімет­аралық комиссия мен екіжақты ынты­мақтас­тықтың басқа да тетіктері іске қосылды. Сонымен қатар, Қазақ­стан мен осы елдер ара­сындағы экономикалық және гуманитар­лық салалардағы қа­рым-қатынас­тар­дың келешек көк­­жиегі бұрын­ғыдан да кеңейе түсті. Оған 2009 жылдың наурыз айында өткен Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасына мем­­­­лекеттік сапары дәлел. Ке­ліс­сөздердің қорытындылары бо­­йынша Қазақстан мен Финляндия арасында бірқатар екі­жақты құжаттарға, оның ішінде табысқа салынатын салыққа қа­тысты қосарланған салық са­луды бол­дырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы және Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым министрлігі мен Финляндия Рес­пуб­ликасы Білім министрлігі ара­сындағы өзара түсіністік туралы келісімдерге қол қойылды. Екіжақты қатынастарда сау­да-экономикалық ын­тымақ­тас­тық­тың үкіметаралық комис­сиясы үлкен рөл атқаруда. Осы уақытқа дейін аталған комис­сияның алты отырысы өткен, соң­ғысы осы жылдың ақпан айында болды. Қазақстанда фин капиталының қатысуымен жи­ыр­мадан астам кәсіпорын та­бысты жұмыс істеуде. Фин­ляндияның озық техноло­гия­ларын және осы елдегі ірі ка­питалды Қазақстанға тарту мақ­сатында елшілік 2010 жылдың желтоқсанында Хельсинки қала­сында «Қазақстанның эконо­ми­ка күндері» атты бизнес-форум өткізді. Бизнес-форум қазір өз нәтижесін әкелуде. Латвия Республикасы да Қазақстанның әлемдік арена­дағы сенімді серіктесі болып та­бы­лады. Қазақстан Латвияны Бал­тық бойындағы маңызды эко­но­микалық әріптесі ретінде қарас­тырады. Латвияда жиыр­мадан астам бірлескен кәсіп­орын жұмыс жасауда. Олар ақпараттық және коммуника­циялық технологиялар, білім беру, денсаулық сақ­тау және туризм салаларын­дағы жо­баларды іске асы­руда. Қазақ­стан­ның Лат­вияға экс­порт басым­дықта­ры то­қыма өндірі­сі, металдар, өсім­дік тағамдары бо­лып табылады. Ал Латвиядан машина, құрал-жаб­дық, азық-түлік өнім­де­рі және жер үсті көліктері им­порт­талады. – Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Эстонияда болды. Кездесу қоры­тындыларына шолу жаса­саңыз. – Өздеріңізге белгілі, үсті­міздегі жылдың сәуір айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияға мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында Қазақ­стан басшысы Эстония Президенті Тоомас Хендрик Ильвес, Парламент спикері Эне Эргма және Премьер-министр Андрус Ансиппен кездесулер өткізді. Осы мемлекеттік сапардың барысында көлік, транзит, энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру сияқты маңызды салалардағы ын­тымақтастықтың негізгі бағыт­тары анықталды. Келіссөздердің қорытындылары бойынша Қазақ­стан Президенті мен Эстония Пре­зиденті Бірлескен мәлімде­меге қол қойды. Басқа да екі жақты келісімдер жасалды. Бірлескен баспасөз мәслихаты барысындағы сөзінде Елбасы     Н.На­зарбаев Қазақстан Эстония­мен ынтымақтастықты дамытуға ма­ңыз­ды мән беретінін және екі ел арасында сенімді үнқатысу жо­ғары деңгейде орнығып, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары анық­талғанын, осының нәтиже­сінде келісім-шарттық-құқықтық база құрылғанын атап өтті. Сон­дай-ақ, Қазақстан басшысы Эсто­нияның Астанада өз елшілігін ашу туралы шешіміне риза­шы­лығын білдірді. Тәуелсіздік жыл­дарында Эстония зор табыс­тарға жетіп, Еуропалық Одақтың, НАТО мен Экономи­калық ынты­мақ­тастық және даму ұйымының толыққанды мүшесі болды, сон­дай-ақ жалпыеуропалық валюта – еуроны қабылдағаны белгілі. Жалпы, өткен жылы Қазақ­стан мен Эстония арасындағы сау­­да айналымы 37 пайызға өссе, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында екі есе артты. Осы жағымды үрдіс бекітіле түсуде. Кеден одағының құрылуына бай­ланысты жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, өзара сауда көлемін арттыруға бағытталған шара­ларды жалғастыру өте маңызды. – Қазақстан мен Литва ара­сындағы қарым-қатынас­тар ту­­ралы да айта кетсеңіз. – Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері екі елдің саяси байланысы құрылымды және қар­қынды дамып келеді. Елбасы Лит­ваға, ал Литва басшылығы Қа­зақ­станға ресми сапарлармен алмас­қан. Осы жылдың күзінде Литва Президенті Даля Гри­баускайтенің Қазақстанға сапары көзделуде. Қазіргі таңда Вильнюс Аста­на­ны Еуропа мен Азияны байла­ныстыратын Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде таниды. Литва сыртқы саясат бағытында қазақ­стандық бастамаларға, соның ішінде ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шең­берінде, сондай-ақ, БСҰ-ға кіру мәселесінде қолдау көр­сетуде. Астана өз кезегінде Вильнюсті Балтық жағалауын­дағы және жал­пы Еуроодақтағы маңызды саяси және эконо­микалық серік­тесте­рінің бірі ретінде бағалайды. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының эста­фетасын 2011 жылы Литва Республикасы қабылдағаны бел­­­гілі. Қазіргі таңда екі мем­лекеттің ЕҚЫҰ-ның «Үштігін­дегі» жұмысы түсіністік жағ­дайында одан әрі табысты жал­ғасуда. Жалпы, Литва ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы шеңберінде Астана декларациясын ұста­ным­ға алып, көптеген шаралар өткізуде. Атап айтатын ша­ра­лардың бірі – 2011 жылғы 7-8 маусымда Вильнюсте Лит­ва төр­аға­лығы және БАҚ бос­тан­ды­ғы мәсе­ле­лері жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі­нің кеңсесі ұй­ым­­дастырған журналистер қа­уіпсіздігі жөнінде ЕҚЫҰ кон­ференциясы. Конференцияның қорытындысы бойынша «Жур­налистердің қауіпсіздігі жөнін­дегі Вильнюс ұсыныстары» құжаты қабылданды. Екі елден өзара инвестиция­лар тарту және жаңа бай­ланыстар орнату мақсатымен 2011 жылғы 15-16 маусымда Клайпеда қаласында Литва мен Қазақстанның Сыртқы істер және Көлік министрліктері қол­дауымен, сонымен бірге, «Jūra-Mоре-Sеа» халықаралық журна­лы, Қазақстанның Клай­пе­дадағы Құрметті консулдығы, Клайпеда университеті және Қазақстанның Литвадағы елшілігі ұйымдастыруымен «Балтық теңізі: Еуразияға қақпа» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияның отырысы кезінде Кеден одағы құрылуына байланысты елдеріміздің транзиттік ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Конференцияның қорытынды отырысында эконо­микалық дағдарыстың көлік бизнесіне қатысты салдары қа­растырылды. Осы жылдың шілде айының ортасында Қазақстанның Клай­педадағы Құрметті консулы Бенедиктас Петраускастың бас­шы­лығымен Литваның бір топ іскер адамдары Қазақстанға сапар шекті. Сапар барысында литвалық бизнесмендер Парламент Мәжілісінің депутат­тары­мен, Сыртқы істер минис­трлігінің, «Атамекен» СЭП-тың және қазақстандық бизнес қауымның өкілдерімен бірнеше пайдалы кездесулер өткізді. Сонымен қатар, 2000 жылы құрылған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкі­мет­аралық комиссия екі жақты экономикалық қатынастардың маңызды тетігі болып табыла­тынын ерекше атап өткім келеді. Осы уақытқа дейін аталған комиссияның 7 отырысы өт­ті. Келесі отырыс ағымдағы жыл­дың қыркүйек айына жоспар­ланған. Литвадағы «Нұрсәуле» қа­зақ­тар қоғамдастығы және Қа­зақстандағы «Lituanica» литван қоғамдық ұйымы екі ел ара­сын­дағы мәдени байланыс­тарды нығайту жұмысына үл­кен үлес қосуда. Аталған ұй­ымдар қо­ғам­дық өмірге белсенді қаты­сып, екі жақты мәдени ынты­мақтастықты дамытуда. Биыл мамыр айында Астанада өткен Дүниежүзі қазақ­тарының ІV құрылтайына Литва қазақ­тары атынан өкіл болып «Нұр­сәу­ленің» төрайымы Аида Молиене қатысты. Алда әлі де атқарылар істер көп. Заманауи талаптарға, жа­һандық үрдістерге орай елдер арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастардың жаңғыр­ты­лып, тереңдей түсуі заңды құ­былыс болып табылады. Сөй­тіп, екі жақты қалыптасқан өзара байланыс одан әрі тиімді дамып, экономикалық қатынас­тар екі ел халқының мүдде­леріне қызмет ете беретін болады.  – Әңгімеңізге көп рахмет. Әңгімелескен Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.