Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланып, қоғамнан қызу қолдау тапқан болатын. Сонымен қатар, артынша Мемлекет басшысы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Маңызды құжаттарда Елбасы мемлекет үшін аса құнды мақсаттар мен міндеттерді алға тартып, елдің келешек дамуы жолындағы өзінің ой-пікірлерін де мәлімдеген еді. Елбасы Үндеуі мен Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Парламент депутаттарынан құралған ақпараттық-насихаттық топ Тараз қаласына келген еді.
Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінде актив жиыны өтті. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков жүргізіп отырды. Әуелі Парламент Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев сөз алып, Елбасы Үндеуі жөнінде пікірін білдірді. Өз сөзінде халық қалаулысы бұдан былай да елімізде президенттік басқару формасының сақталатынын айта келіп, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс мәселелері жөніндегі ойын жеткізді.
Әсіресе, Елбасының әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше басымдық беріп отырғанын айтты. Сондай-ақ, мәжілісмендер Қожахан Жабағиев және Сәкен Қаныбеков Елбасы Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге тоқталды. Жолдауда айтылған білім беру, денсаулық сақтау, әлеумет, ауылшаруашылық салалары бойынша да әңгімеледі.
Бұдан кейін жарыссөзге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ерболат Саурықов және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Лариса Лысова шығып, Елбасы Жолдауының жан-жақтылығын, өз кезегінде аталған маңызды құжат ел өмірінде ірі оқиға болғанын атап өтті.
Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарын ақпан айының алғашқы онкүндігінде облыстың аудандары мен ауылдарында жалғастыратын болады.
Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»
ТАРАЗ
Суретті түсірген
Алтынбек ҚАРТАБАЙ

Конституциялық реформа: Экономиканың жаңа басымдықтары айқындалды
Экономика • Бүгін, 18:43
Швеция дәстүрлі оқу материалдарына инвестиция сала бастады
Әлем • Бүгін, 18:36
Астаналық әйел АҚШ-қа виза жасатып беремін деп 6 адамды алдап кеткен
Оқиға • Бүгін, 18:10
Ел өңірлерінде алдағы көктемде су тасқыны қаупі бар ма?
Аймақтар • Бүгін, 17:59
Ермахан Ибраимов: Мемлекет – ортақ мақсатқа сүйенгенде ғана қуатты болады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары талқыланды
Мектеп • Бүгін, 17:43
Ski Patrol қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған екі адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:32
Алматыда жарапазан мәтініне арналған байқау қорытындыланды
Қоғам • Бүгін, 17:19
Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 17:10
Қазақстан • Бүгін, 17:02
Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?
Аймақтар • Бүгін, 16:55
Шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болады?
Теңге • Бүгін, 16:47
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Бүгін, 16:35
Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Шин-Лайн» ұжымымен кездесті
Қоғам • Бүгін, 16:32