03 Ақпан, 2017

3 ақпанға арналған ауа райы

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні – 25 м/с, оңтүстік-батыста кей уақытта 30 м/с аса күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, таулы аймақтарда  желдің екпіні 30 м/с аса күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай  Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау  облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде  Маңғыстау облысының кей жерлерінде  бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының  кей жерлерінде бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Кей жерлерде тұман болады.