08 Қыркүйек, 2011

Жаңа орталық жұмыс береді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс орталығында жұ­мыспен қамту орталығы өз жұмысын бастады. Бұл ор­та­лықтың басты міндеті «Жұ­мыспен қамту-2020» бағ­­дарламасына сәйкес тұр­ғындарды оқыту және жұ­мыспен қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш орталық үш бағыт бойынша жұмыс жа­сайды. Бірінші бағыты ең­бек нарығындағы жұмыс­сыз, өзін өзі жұмыспен қам­тамасыз етуші, аз қамта­ма­сыз етілген адамдарды оқы­туды және жұмысқа орна­ластыруды көздейді. Екінші бағыт ауылдық аумақтарда кәсіпкерлікті дамытуды қол­дау, жеке кәсібін ашу ар­қылы тұрғындардың эконо­ми­калық белсенділігін арт­тыруды ұйымдастыру бо­лып табылады. Үшінші ба­ғыт еңбек қорларының ұт­қыр­лығын арттыруға, яғни аталған екі бағыттан өт­кен­нен кейін жалдама еңбек етуші немесе нақты жеке кә­сібі жоқ қатысушыларға арналған. Орталық директоры Қар­лығаш Абдуллинаның ай­туын­ша, биыл кәсіби даярлау, қайта даярлау курс­та­ры­на, біліктілігін арттыруға 1000-нан аса адам қабыл­данды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша би­ылғы жылы барлығы 1351 адам жұмыспен қамтылады. Қазірдің өзінде орталыққа жастардан өтініштер көптеп түсуде. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.