Қара алтынның әлем бойынша ең ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясы наурыз айында мұнайдың барлық түріне бағаны көтереді, деп хабарлайды investing Saudi Aramco компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең көп қымбаттайтын Arab Extra Light маркасының тұтынушылары саналатын солтүстік-батыс Еуропа елдері наурыздан бастап барреліне $1,35 артық төлемек. Нәтижесінде, алдағы айда бұл марканың бағасы Бренттен $1,55 арзан болады.
Саудияның солтүстік-батыс Еуропа елдеріне сататын басқа да мұнай маркалары $1,15-1,25 қымбаттаса, Жерорта теңізі елдері үшін өндірілетін қара алтын құны $1 қымбаттайды. Тек Arab Extra Light маркасының ғана бағасы $1,25 көтерілмек.
Азия елдері үшін саудия мұнайы барреліне $0,2-1 аралығында, ал америкалық тұтынушылар үшін $0,15-0,3 аралығында қымбаттамақ.