Америкалық валюта бейсенбі күні өткен жылдың қараша айынан бергі ең төменгі көрсеткішке құлдырады. Оған себеп болған Трамптың сауда саясатында ұлттық экономикаға басымдықты арттыруы, деп жазады investing басылымы.
АҚШ долларының көрсеткіші әлемдік алты өзге валюталарға шаққандағы бағамы кеше күні бойы төмендеп, 99,20 деңгейіне дейін құлдырады. Мұндай көрсеткіш ең соңғы рет 14 қарашада болған еді.
Инвесторлар АҚШ президенті Дональд Трамптың бұдан кейін қандай ұстанымда болатынын болжап бас қатыруда. Әсіресе, соңғы сөзінде ол доллардың әлсіреуіне мүдделі екенін білдіргеннен кейін трейдерлер тіпті мазасыздана бастады.
«Әлемнің барлық елдері девальвациямен өмір сүреді. Қытайдың не істеп жатқанын қараңыздар. Жапония бірнеше жыл бойы соны жасап келді. Олар валюта нарығымен ойнайды. Девальвацияны әдейі істейді. Ал біз мына жақта ақымақтер сияқты отырмыз", - деді Трамп.
Трамптың пікірі оның сауда бойынша кеңесшісі Питер Наварроның Германия, Жапония мен Қытайға қатысты айтқан "бұл елдердің девальвациясы өзге елдердің алдында артықшылық береді" деген сынынан кейін айтылған еді.
Трамптың ұлттық экономикалық саясаты мен көші-қон қаулысы долларды қаңтар айында 2,6 пайызға дейін түсіріп жіберді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар жыл бастамасы. HSBC банкі Дональда Трампты валюталық монипулятор ретінде айыптап, доллардың әлсіреуіне тікелей оны кінәлап отыр.
Инвесторлар әлі де Вашингтоннан жақсы хабар күтіп отыр. Инвесторлар әлі де Трамп алдағы уақытта экономиканы ынталандыру, инфрақұрылымды дамыту мен корпоративті салықты арттыру туралы оңтайлы шешімдер қабылдайды деп үміттенеді.