03 Ақпан, 2017

Австралия жағалауында мұнай төгілді

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Австралия жағалауында ExxonMobil компаниясының платформасына жақын жерде мұнай төгілді, қазір жергілікті билік апатты тексеріп жатыр, деп жазады The Guardian. Апат Басса бұғазындағы өрттен тура 18 айдан кейін болып отыр. Ол кезде өртті өрт сөндірушілер 9 сағат бойы ауыздықтай алмаған еді. 2013 жылы тағы бір платформада 750 литр мұнай төгілген еді. Апаттың себебі әзірге белгісіз.