Табиғат қорғау поилициясының қызметкерлері бірден үш елікті жайратып салған браконьерді ұстады. Арнайы рейд жүргізгенде полицейлер ағашты-орманды Меңдіғара ауданының аумағынан заңсыз аңшылық жасаған 63 жастағы күдіктіні тоқтатқан болатын. Расында, оның «Урал-Кунг» маркалы машинасынан атып алған үш елік және «МР-153» мылтығы табылды. Браконьер жалғыз да емес екен, оның қасында серігі болды. Туған табиғатқа тағылық көзбен қараған ол енді ҚР ҚК 337-бабының 1- тармағы бойынша «Заңсыз аңшылық» жасағаны үшін сот алдында жауап беретін болады, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өткен жылы Қостанай облысында полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы жедел топ құрылған болатын. Олар заңсыз аңшылық жасағандар мен заңсыз ағаш кескендерді анықтайды.
Нәзира Жәрімбетова, «Егемен Қазақстан»

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше