03 Ақпан, 2017

2017 жылы Қызылорда облысында 16 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылы Қызылорда облысында 500-ден кем емес үй шаруашылықтарынан біріктірілген 16 кооператив құрылмақ. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыруға арналған идеологиялық актив жиынында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев осындай міндет жүктеді. -Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру бойынша жұмысты белсендету қажет. Бүгінгі күнде сүт пен ет өндірісінің 85 пайыздан астамы жеке қосалқы шаруашылықтар үлесінде. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтарға тартылған адами ресурстар үшін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейтуде орасан зор әлеует болып табылады.  Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын тұрақты табыс көзімен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді,-деді облыс әкімі. Бұл бүгінгі таңда барлық деңгейдегі әкімдер алдындағы ең маңызды міндет. Үйлестіру мәселесі облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовқа жүктелді.