03 Ақпан, 2017

WhatsApp-та жіберілген хабарламаны өшіру мүмкіндігі болады

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
WhatsApp мессенджері қызметкерлері жіберіліп қойған хабарламаны өшіру және түзету функцияларын дайындауда. Дегенмен, бұл қызметтер тек хабарламаны екінші жақ оқымай тұрған кезде ғана жүзеге асырылады, деп жазады Mashable. WhatsApp-та оқылмаған хабарлама сұрмен, оқылғандар көкпен белгіленеді. Егер қолданушы "сөзіңізді қайтып алғысы" келсе, хабарлама орнына "хабарлама қайтарылып алынды" деген жазу шығады. WhatsApp-тың сынақтан өткізіп жатқан тағы бір функциясы - Instagram мен "ВКонтакте" желісіндегі секілді сурет жоғары жағында тұрады. Сонымен қатар, мессенджердің бета-нұсқасында қолданушының геоорналасуын жұртпен бөлісу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.