03 Ақпан, 2017

Әлемдегі ең ірі компания IPO-мен сатылады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Saudi Arabian Oil Co. (Saudi Aramco) компаниясы бірнеше биржада өзінің акцияларын шығара бастайды, деп мәлімдеді Сауд Арабиясы мұнай министрі Халид аль-Фалих. Бұл туралы kapital.kz жазады. Saudi Aramco 2018 жылы өзінің 5% акциясын шығармақ. Бұл әлемдегі ең ірі IPO болады, деп жазады Nasdaq. Министрдің айтуынша, осыншалықты көп акцияның саудасын жалғыз биржа жүргізе алмайды. Сол үшін компания акциясы бірнеше биржада қатар сатылмақ. «Aramco әлем бойынша басқару мен жетекшілік саласында ең үздік тәжірибені қолданады. Оның технологиясы ең үздік. Біздің ойымызша, әлем біздің акцияларға қызығуы тиіс», - дейді әл-Фалих. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, қазіргі таңда Saudi Aramco компаниясының жалпы капиталы 2 трлн доллардан асады. IPO саудасы Лондон, Гонконг, Токио, Нью-Йорк және Канада биржаларында өтуі мүмкін.