03 Ақпан, 2017

Теңгенің бағамы кезекті антирекордқа түсті

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 322,15 теңге болды. Теңгенің нығаюына Трамптың ұлттық саясатының ықпалынан доллардың екі жарым айлық минимумға құлдырауы себеп болып отыр. АҚШ долларының көрсеткіші әлемдік алты өзге валюталарға шаққандағы бағамы кеше күні бойы төмендеп, 99,20 деңгейіне дейін құлдырады. Мұндай көрсеткіш ең соңғы рет 14 қарашада болған еді. Трамптың ұлттық экономикалық саясаты мен көші-қон қаулысы долларды қаңтар айында 2,6 пайызға дейін түсіріп жіберді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар жыл бастамасы. HSBC банкі Дональда Трампты валюталық монипулятор ретінде айыптап, доллардың әлсіреуіне тікелей оны кінәлап отыр. АҚШ долларының арзандауы шикізат нарығы үшін де қолайлы болып тұр. Кеше соңғы бірнеше аптадағы максимумға көтерілген мұнай бағасы бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де 56,80 долларға бағаланды.