03 Ақпан, 2017

Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Ақышевқа: Ешкімнен қорықпа!

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышевты толықтай қолдайтынын білдірді. «Өткен жыл өте ауыр болғанына қарамастан, Ұлттық Банк жақсы жұмыс істеді. Енді банктің мүмкіндіктерін заң арқылы күшейтуді тапсырып отырмын. Осындай құқық беру керек. Ұлттық Банктің жұмысына килігуді елдің қаржы саласына килігу деп санап жазалау керек. Көріп отырмын, Ұлттық Банк тәртіпке келтірген сайын Ұлттық Банктің төрағасына шабуыл күшейіп жатыр. Мұны осы залда отырған акционерлер мен демеушілер жасауда» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол ретке келтіруге кедергі жасаушыларға шара қолданылатынын айтты. Ал Ақышевқа «Ешкімнен қорықпа. Ешкімнен. Кім де кім кедергі жасайтын болса, маған фамилиясын айт» деді. Бұдан бұрынырақта Ұлттық Банк Данияр Ақышевтың ұсталғаны туралы сыбыс таратуға байланысты құқық қорғау органдарына арызданатынын хабарлаған болатын.