03 Ақпан, 2017

2016 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция 7,7 трлн теңгені құрады

107 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Экономиканың өсуіне әсер еткен басты факторлардың бірі инвестициялық белсенділіктің артуы болды. Негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 5,1 пайызға өсіп, 7,7 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2016 жылы  Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 1 пайызды құрады. "2016 жыл жаңа сыртқы және ішкі жағдайларға бейімделу тұрғысынан экономика үшін күрделі болды. Энергия ресурстарына бағаның құбылуы жоғары болғандықтан және тұтынушылық белсенділік төмендегендіктен экономикалық белсенділік баяулады. Егер өткен жылдың алғашқы бес айы ішінде жалпы ішкі өнімнің төмендеуі байқалса, Сіздің бастамаңызбен қабылданған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберіндегі шаралардың арқасында екінші жартыжылдықтан бастап өсу қайта жанданды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсуі бір пайызды құрады", - деді министр. Оның айтуынша, озық өсім динамикасын мына салалар көрсетті: құрылыс секторы 7,9, ауыл шаруашылығы секторы 5,5, көлік саласы 3,8 пайыз. Экономикадағы тауар өндірісінің үлесі 36,6 пайызды, қызмет көрсету үлесі  57,8З пайызды құрады. «Тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін күрделі жыл болғанына қарамастан, өндеу өнеркәсібінің абсолютті өсуі, сол сияқты жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесінің өсуі де оң фактор болып табылады. Аталған үлес  2015 жылғы 10,3 пайыздан жыл қорытындысы бойынша 10,7 пайызға дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығының үлесі 4,9 пайызға дейін (2015 жылы 4,7%) , құрылыстың үлесі 6,4 пайызға дейін(2015 жылы 6,0%)  өсті», - деді ол. Сонымен қатар шет елдік тікелей тартылған инвестиция 9 айда 12,3 млрд доллардан асып, 2015 жылдың сол уақытымен салыстырғанда 4,5 есе көбейген.
«Соның ішінде ЕАЭО елдерінен келетін инвестиция көлемі 47% (579,3 млн доллар) көбейді. Бұл елге тартылған жалпы қаражаттың 4 паызын құрайды», деді министр.