03 Ақпан, 2017

Президент банктерді біріктіру туралы айтты

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі екінші деңгейлі банктердің біріктірілуі туралы айтты. "Банктер әлсіз. Солай емес пе? Әлемде дағдарыс болған кезде Exxon және Mobil сияқтылар бірігіп кетті. Shell мен British gas бірікті. Біріктірілсін. Акционерлер өздерінің банктерін сақтағысы келсе, қаржыларын салады. Банктерді құтқарудың басқа жолы жоқ. Олар өмір сүре алмаса, экономикаға керек емес. Батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа", - деді Елбасы Ұлттық банк төрағасына. "Егер кедергі келтіретін болса, маған фамилиясын айт", - деді Елбасы. Кеңейтілген отырыста Елбасы Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышевты толықтай қолдайтынын білдірді. «Көріп отырмын, Ұлттық Банк тәртіпке келтірген сайын Ұлттық Банктің төрағасы шабуыл күшейіп жатыр. Мұны осы залда отырған акционерлер мен демеушілер жасауда» деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол ретке келтіруге кедергі жасаушыларға шара қолданылатынын айтты.