03 Ақпан, 2017

Сәуірде Қазақстан ЕЫДҰ инвестиция комитетіне кіреді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан биыл сәуір айында Еуропа ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЫДҰ) инвестиция комитетіне кіреді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. «Қазақстанның ЕЫДҰ-мен интеграция бойынша ұйымның ұсыныстарын ескере отырып Жол картасы әзірленеді. Қазақстанның ЕЫДҰ-ның 13 құқықтық құралдарына қосылуы мен ұйымның 29 комитетімен ынтымақтастықты тереңдету жолға қойылды. Сәуірде Қазақстан ұйымның инвестиция комитетіне кіреді", - деді министр.