03 Ақпан, 2017

Елордада мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға пәтер бөлу басталды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға пәтерлер бөлу басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты. Қалалық тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта коммуналдық меншікке Сарайшық көшесінің оң жағындағы (Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Лот 1 (Лот 5) орналасқан тұрғын үй кешендерінен үш бөлмелі пәтерлер тапсырылды. Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясының 2017 жылғы 24 қаңтардағы отырысында, алған балдарына сәйкес осы күнге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтар арасында, көрсетілген тұрғын үй кешендерінен пәтерлер бөлу жүргізілді. Тізімді мына сілтеме бойынша көруге болады. Астана қаласының тұрғын үй басқармасы пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмыст бастады (Сейфуллин көшесі, 30 үй, 11 кабинет). Сатып алу-сату шарттарын жасау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін жүргізіледі.