03 Ақпан, 2017

Касса аппараттары бар кәсіпкерлер тексерістен босатылады

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қаржы министрлігі кассалық аппарат қолданатын шағын бизнес субъектілерін тексерістен босатпақшы. «Бизнеске қысымды азайту мақсатында онлайн ескертуімен кассалық аппарат қолданатын шағын кәсіпкерлік өкілдерін тексерістен босатпақпыз. Осылайша, елде 13 мың тексеріс қысқартылады. электронды шот-фактураның барлық есебін пайдаланатын экспорттаушыларға ҚҚС-ны 30 күн ішінде қайтарып береміз. Бір жағынан бұл ҚҚС бойынша алайықтық жасаудың алдын алса, екінші жағынан шағын және орта кәсіпкерлерге төлеген қаржысын автоматты қайтаруды қамтамасыз етеді", - деді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Министрдің айтуынша, жыл қорытындысы бойынша, 110 млрд теңге үнемделіп, 36 млрд теңге игерілмей қалған. Мемлекет басшысы министрге қаржыны бөлуде сауатты жұмыс істеуді тапсырды. «Жыл бойы игерілмеген қаржыны жыл соңында есеп берер кезде әйтеуір игерді деген аты үшін оңды-солды шаша бастайды. Өйтіп игермей-ақ қойыңдар», - деді президент министрге. Министр қаржының игерілмей қалуын келісімшарттың өзгеруімен және жұмыс кестесінің қалып қоюымен түсіндірді. Сұлтановтың айтуынша, 2016 жылы 147 нысан жекешелендірілген. Оның жалпы құны 31 млрд теңгені құрайды.