03 Ақпан, 2017

Батыс Қазақстанда мал терісін өңдейтін зауыт салынуда

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстанда мал терісін өңдейтін бірегей зауыт салынуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Қолға алынған жобаның қазіргі жағдайына келер болсақ, испандық және италияндық құрал-жабдықтар сатып алынып, зауыт ішінде монтаж жұмыстары жүргізілуде. Қазір құрылысына 40 жұмысшы жұмылдырылса, жоба толық жүзеге асқанда 84 жұмыс орынға дейін жетпек. Зауыт жұмысы толық күшіне енгенде жылына 182 мың ірі қара, 624 мың ұсақ малдың терісін өңдейтін болады. «Экономиканың аграрлық саласы дамыған біздің өңіріміз үшін бұл – бірегей жоба. Малшаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін қосымша кіріс көзі де болады», - деді облыс әкімі А. Көлгінов.