03 Ақпан, 2017

Президент Есеп комитетіне субсидияның ақшасын тексеруді тапсырды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының айтуынша, субсидия жергілікті органдардың «астауына» айналған. «Субсидия бөлу біріздендірілуі тиіс. Сіздер субсидияны қалай пайдаланатындарыңызды білмеймін. Бірақ, маған субсидия   жергілікті органдар мен аталған ақшаны алатын компаниялар үшін «астауға» айналғаны туралы мәліметтер жетуде. Тиімді пайдаланылмайды. Бұл ақшаны кім қадағалайды? Мемлекеттің ақшасы. Қозы-Көрпеш, мүмкін сен олардың  қайда кетіп жатқанын анықтарсың», –  деді Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Жаңбыршинге. «Біз қарап жатырмыз», – деді өз кезегінде Есеп комитетінің төрағасы. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокуратура мен Есеп комитетіне  субсидияға бөлінген қаржының қалай кәдеге жаратылатындығын тыңғылықты тексеруді тапсырды.
«Мұның барлығы да саланың әлі күнге дейін тиімсіз басқарылатындығын көрсетеді. Асқар Мырзахметовке жүктелген тапсырмаларды қамтамасыз етуді, жағдайды түзеуді тапсырамын. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі бағыттарын біз бірге анықтадық. Солай ғой. Бекіттік, айттық. Бұған қоса, астықты үш өңірдің әкімдерімен проблемалы агрохолдингтер бойынша келісілген шешімді 1 наурызға дейін әзірлеуді тапсырамын. Бұл «ҚазЭкспоАстық» пен «Иволгаға» қатысты. Не істеу керек? Қараңдар, шара қолданыңдар», – деді Мемлекет басшысы.