03 Ақпан, 2017

Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Иманғали Тасмағамбетовты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясынындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылдағандығын жария етті. "Мәскеудегі Қазақстанның елшісі етіп Иманғали Тасмағамбетовты тағайындадым. Біріншіден, біз үшін Ресей өте үлкен көрші, әріптес, экономика, саясат жағынан өте жақын мемлекет. Ол жерге өте белді, тәжірибелі, салмақты, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы жағдайды білетін адам болғаннан кейін осындай шешім қабылдадым. Екінші қабылдаған себебім, Тасмағамбетовтың өзінің сұрауы солай болды. Өзінің ойы, көңілі. Сол жақта істеп келемін деп, менен сұрағаннан кейін оны да ескеріп, екі жағынан да тура келетін болғаннан кейін тағайындадым. Премьер-министр орынбасарларының аз болғаны жөн. Министрлер өз шаруасын бітіру керек ешкімге сілтемей, ешкімге сүйенбей. Берген мәселені шешіп, өздері жауап беру керек», — деді  Нұрсұлтан Назарбаев.