04 Ақпан, 2017

Ел экономикасын дамытуға қажетті әлеует бар

238 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төраға­лығы­мен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда еліміздің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары талқыланды. Алқалы жиынды Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жүргізіп отырды. Ол алдымен биылғы жылдың басы маңызды оқиғаларға толы болғанына тоқ­талып, Елбасы тапсырмасына сәй­кес Үкімет саяси реформаны іске асыруды бастағанын баян­дады. Осыған орай қазір­гі күні мем­лекеттік билік тармақ­тары­ның арасындағы өкілет­ті­лік­тер­ді бөлу бойынша заң жобасы әзір­ленуде. «Әлем эконо­мика­сын­дағы күрделі жағдай­ларға қарамастан, өткен жылды біз оң нә­ти­желермен аяқтадық, ішкі жал­пы өнім өсімі 1 пайыз­ды құра­­­ды. Оған бірінші кезекте Сіз­­­дің дағдарысқа қарсы бағ­дар­­ла­­­ма­­лар­ды қабылдау жөнін­­дегі тапсыр­ма­ңыздың арқа­сын­­да қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет эко­номика­лық өсім мен халық­тың әл-ауқат­ын қамта­ма­сыз ету­ге бағыт­талған бар­лық тапсырма­лары­­ңызды орындады», деді Б.Сағынтаев. Үкімет басшысы, сонымен қатар, Президенттің Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауын­да ай­тыл­ған тапсырмаларды мүл­тіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.

Өткен жылға өкпе жоқ

Бұдан әрі елдің экономикалық ахуалы жайында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлей­менов есеп берді. Министрдің мәлі­метінше, өткен жылы негіз­гі макроэкономикалық көрсет­кіш­тер сыртқы жағымсыз факторлар­дың ықпалына қарамастан, жақ­сы деңгейде сақталды.

Өткен жылдың басында тауар­­лық нарықтарда әлемдік баға­­лар біршама төмендеді. Соған қара­мас­тан, «Нұрлы жол» мем­ле­кет­­тік бағ­дарламасының, сала­­лық бағ­дар­ламалардың, Үкі­­­мет пен Ұлт­тық банктің Дағ­дарыс­­қа қар­сы жос­парының аясын­­да қабыл­дан­ған шаралар елі­міз­­­дегі эконом­и­калық өсім мен макро­­эко­но­­ми­ка­лық тұрақ­ты­лық­ты қам­­­та­­масыз етуге мүм­кін­­дік бер­ді. Өткен жылы эконо­ми­ка­ның өсі­­мі­не ауыл шаруа­шы­лығы көлік, өң­деу өнеркәсібі, құры­лыс тәріз­ді са­лалар оң ық­палын ти­гізді. Соны­мен қатар, 2016 жыл­дың қор­ы­тындылары бойын­ша негізгі капи­талға инвести­ция­лар көле­мі 5,1 пайызға, яғни 7,7 трлн тең­­геге дейін артты. Инвес­ти­ция­­лар­дың айтарлықтай өсімі ауыл шаруа­шылығында, тау-кен өнер­кә­сі­­бін­де, саудада, жыл­жы­май­тын мү­лік­пен операцияларда бай­қалды.

Министр биылғы жылы ве­домство­ның Президенттің Қазақ­стан халқына Жолдауының аясында берілген тапсырмалар­ды, басым­дық берілетін мемлекет­тік бағ­дар­ламаларды жүзеге асыру­ға бас­ты назар аударатынын, соны­­мен қатар, бизнесті жүр­гізу­ үшін жағдайларды жақ­сар­ту жұ­мыс­­тарын әрі қарай жал­ғас­­­ты­ра­­тынын баяндады. «Біз­дің ­бол­жам­­дары­мызға сәй­кес, ағым­дағы жыл­дың қорытын­дылары бо­йын­ша экономиканың 2%-дан кем емес өсіміне үміт артып отырмыз. Салалар бойынша маши­на жасау, тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өнім­дерін өндіру едәуір өсім береді. Соны­мен қа­тар, ауыл шаруа­шы­лығында, құ­ры­лыс секторында, көлік пен ло­гис­ти­када одан әрі өсім болады деп бол­жап отырмыз», деді Т.Сүлейменов.

Игеретіндерге ғана ақша беру керек

Ал өткен жылдың бюджетінің орын­­далуы туралы Қаржы ми­нистрі Бақыт Сұлтанов баяндады. Был­­тырғымен салыстыр­ған­да мем­ле­кеттік бюджет кіріс­тері 1,3 трлн теңгеге неме­се 25 па­­йыз­­ға өскен. Бұл Ұлттық қор­дан ақ­ша алуды 370 млрд теңге со­­­ма­­­сына азайтуға мүмкіндік бер­­­ді. Шы­­ғыстар 2015 жылмен са­­­лыс­­­­тырғанда 1,5 трлн тең­ге­ге ар­­­тық жүр­­гізілген. Жыл қоры­тын­ды­сы бо­­йынша, респуб­ли­ка­лық бюд­­­жет­­­тегі үнем 110 млрд теңгені құрады.

2016 жылы республикалық бюд­жет­тің де, жергілікті бюджет­тер­дің де барлық әлеуметтік мін­дет­темелері толық көлемде орындал­ды. Сонымен қатар, өткен жылы 472 млрд теңге бөлінген «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасының жылдық бөлігі толық жүзеге асырылды. «Заң­дас­тыру науқаны аяқталды. 5,7 трлн теңге заңдастырылды, бұл бас­­тап­қы болжамдардан бір­шама артық. Өткен жылы жалпы сомасы 31 млрд теңгеге 147 нысан жекешелендірілді», деді Б.Сұлтанов. Әрине, министр­дің баяндамасына сүйеніп, жұмы­сында мін жоқ дей алмаймыз. Мә­се­лен, өткен жылы бюджеттегі 36 млрд теңге игерілмеген. Осы рет­те Мемлекет басшысы бұл қар­­жы­ны әйтеуір игеру керек екен деп, «қалай болса, солай» жұм­­сау­ға болмайтынын қатаң ескерт­ті.

«Игеру деген термин бар. Жыл бойы ақша алынбайды. Сосын жыл соңында әйтеуір игеру керек деп ол ақшаны оңды-солды шаша бастайды. Бюджетті қорғау кезінде министрліктер ақша сұрайды. Соңында ақшаны игере алмайды. Яғни, олардың сұрауы негізсіз болған. Ендеше, ол ақ­ша­ны игеріп жатқандарға беру керек. Бәрі тек ақша алуды ойлайды. Ал сен бәріне таратасың. Саған мемлекеттің қазынасы тап­сырылған. Сен мемлекет ақша­сын қорғап, үнемдеуің керек», деді Н.Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Б.Сұлтановқа мемлекет қаржысын тиімді пайдалану жолын іздеу қажеттігін бұған дейін де бір мәрте айтқанын еске салды. «Енді, міне, екінші ескертіп отырмын. Байқа, үшіншісі жаман болады», деді Елбасы министрге.

«Біздің барлығымыз мем­ле­кет­­­тік қызметшіміз. Мемле­кет­­ке, ха­лық­қа қызмет етуіміз қажет. Ен­де­­ше, қызмет етейік. Мем­­ле­­кет­­тің әр­бір тиынын үнем­деу керек. Ысырап бол­мауы тиіс. Сіз­дерге бюджет беріл­ді. Сіздер қалай үнем­деу керек­тігін ойлауға тиісті­сіз­дер. Егер үнем­дейтін болса, онда олар­ға бөлу қажет», деді Мем­лекет басшысы.

Кедергі келтіргендер жазаланады

Еліміздің қаржы секторындағы жағ­дайды Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев баяндады. Бас банкирдің мәлім­деуінше, Қазақстанның қаржылық ахуалы­на алаңдаушылық жоқ. Жұмыс жү­йелі жүріп жатыр. Мысалы, еркін айыр­­бас бағамы режіміне көшіп, эконо­ми­ка субъектілері жаңа жағдайға бейім­дел­геннен кейін теңгенің айырбас баға­мы тұрақтанған. Ол объективті фак­тор­лар­ға сәйкес келеді және өндіру­ші­лер­дің бәсекеге қабілеттілігін қамта­ма­сыз етеді. «Мұның барлығы да Ұлттық банк­­тің валюта нарығына араласуын­сыз жүріп жатыр. Біз 2016 жыл­дың қыр­күйе­гі­нен интервенция жүргіз­бей­міз. Бұл саясат алтын-валюта қорын сақ­тау­­ға жағдай туғызады. Осы жылдың қаң­­тар айының соңында елдің Ұлттық қоры­­ның валюталық активтерін қоса ал­ған­­дағы алтын-валюта резерві 92 млрд дол­ларға жетіп қалды. Бұл – 2015 жыл­дың соңын­дағы деңгейден жоғары. Ол кезде 91,3 млрд доллар болған еді. Іс жүзін­де бұл өзі­міз­дің алтын-валюта қоры­мыз­ды сақ­та­уға мүмкіндік береді», деді Д.Ақышев.

Елбасы Ұлттық банктің жұмысына жал­пы көңілі толатынын білдірді. «Өткен жыл өте ауыр болғанына қара­мас­тан, Ұлттық банк жақсы жұмыс істеді. Енді банктің мүмкіндіктерін заң ар­қылы күшейтуді тапсырып отырмын. Осындай құқық беру керек. Ұлттық банк­тің жұмысына килігуді елдің қаржы саласына килігу деп санап, жазалау керек. Көріп отырмын, Ұлттық банк тәр­тіп­ке келтірілген сайын Ұлттық банктің төрағасына шабуыл күшейіп жатыр», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы банк жұмысын ретке келтіруге кедергі жасау­шы­ларға шара қолданылатынын айтты.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, елдегі екінші деңгейлі банктердің бірік­тірілуі туралы да пікірімен бөлісті. «Банктер әлсіз. Солай емес пе? Әлемде дағдарыс болған кезде «Exxon» және «Mobil» сияқтылар бірігіп кетті. «Shell» мен «British gas» бірікті. Біріктірілсін. Акцио­нерлер өздерінің банктерін сақ­тағы­сы келсе, қаржыларын салады. Банк­терді құтқарудың басқа жолы жоқ. Олар өмір сүре алмаса, экономикаға керек емес», деген Президент Ұлттық банк төр­ағасын батыл әрекет етуге шақырды.

Ауылдың даму болашағы –  кооперативтер

Өткен жыл еліміздің аграрлық секторы үшін табысты болды. Премьер-Министр­дің орынбасары – Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Асқар Мырзах­метов­тің айтуынша, биылғы және алдағы жылдарда да біраз биіктерді бағындыруға мүмкіндік бар. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз Жолдауда алға қойған тапсырмалар­ды орындау үшін тиісті шаралар ат­қарыл­ды. Бірінші тапсырма – субсидиялау прин­циптерін қайта қарау. Осыған орай, 11 тиімсіз субсидиялау түрі алынып тасталып, 35 субсидиялау түріне нормативтік өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде өндірушілерді мем­ле­кеттік қолдау шараларының қамти­тын ауқымы 7,5 есеге ұлғайды. Әсіресе, ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтер көбірек қамтылды. Басты назар соңғы нәтижеге, яғни өнімділікке және өңдеу қуаттарына аударылды», деді А.Мырзахметов. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қосалқы және шағын шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, тиісті инфрақұрылымы бар өнімдерді қайта өңдеуді арттыру жұмыс­­тары да жолға қойылыпты. Соның арқа­сында 15 мың қосалқы шаруа­шы­лықты қамтитын 157 кооператив құрыл­ған. Олар­дың базасында жүзден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мың бордақылау алаңы ашылған. Асқар Мырзахметовтің айтуынша, коопер­ат­ив­тердің қатары екі есеге дейін ұлғай­мақ. Жал­пы, ауыл­дың болашағын кооперативтер­мен бай­ланыстырсақ артық емес. Асқар Мырзахметов Елбасы жүкте­ген еңбек өнімділігін арттыру мен өндіріс шығындарын азайту, жерді тиімді пайдалану және суармалы жерлерді кеңейту, аграрлық ғылым саласына салынатын инвестицияны ұлғайту, азық-түлік өнімдерінің экспортын ұлғайту жөніндегі жұмыс та нәтижелі жүргізіліп жатқанын хабарлады. Министр жайылымдарды суландыру үшін 700 құдық қазу жоспарла­нып отырғанын, алдағы уақытта бас-аяғы 3500 құдық салынып, 18 млн гектар жайылымдық жер суландырыла­ты­ны туралы айтқан болатын. Осы тұста Мемлекет басшысының өзі сөзге араласып: «Қазір елде 150 млн гектар жайы­лым­дық жер бар. Әкімдермен әрбір құдық­­ты қада­ғалап, соның төңірегінде бір­­неше отар қой ұстасаңдар, еліміз үшін үлкен табыс болады», деді Ауыл шаруа­­шы­лығы министріне қаратып.

Инвесторларды иліктіру керек

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өткен жылы өңдеу өнер­­кәсібіндегі өнім 0,7%-ға артқанын жет­­кізді. Оған түсті металлургия, қара ме­тал­­­лургия, фармацевтика және электр­­те­х­­ни­кадағы өсімнің арқасын­да қол жет­кізіл­ген. Машина жасау саласын­да төмен­деу байқалады. Себебі, бірін­ші­ден, тұтыну­шы­лардың сұраны­сы азай­ған. Екін­ші­ден, өңдеуші компания­лар­дың жө­ндеу жұмыстарына сұранысы төмендеген. Өткен жылы Индустрияландыру карта­сының аясында жалпы құны 878 млрд теңге болатын 13 жоба іске қосы­лып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашыл­ған болатын. Карта аясындағы жобалардан бір жылда 2,2 трлн теңгенің өнімі өн­ді­ріліпті. «Биыл жалпы сомасы 700 млрд теңге болатын жүзден астам жоба жүз­еге асырылады, оның 25-і алғашқы жартыжылдықта іске қосылмақ. Соның арқа­сында тағы 10 мың жұмыс орны ашылу­ға тиіс. Жалпы, өнеркәсіп жаңа ахуал­­­дарға, теңгенің жаңа бағамына бейім­­дел­ді. Жыл қорытындысы бойынша, өңдеу сек­торының өсімін 2%-ға дейін жет­кізу­­ді жоспарлап отырмыз», деді министр. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қазақ­­станда шетелдік инвесторларға бар­лық жағдай жасалғанын, оларға түсін­діретін адам жоқтығын Жеңіс Қасым­бек­тің есіне салды. «Менің былтыр берген тапсырмам бар. Экспортқа, инвестицияға кім жауап береді дегенде, сен басқаратын министрлік деп айттық. Өзің де барлық елдердің «бизнес капитандарымен» кездесулерге қатыстың. Таяуда ғана Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірлік­терінде болдық, осы елдердің ірі бизнес­мендерімен кездестік. Оның алдын­да Жа­по­­нияда, Оңтүстік Кореяда, Амери­када болдық. Олар әрқашан Қазақ­станға қызы­ғу­­шылық танытады, бірақ осында кел­ген­де олармен кездесетін ешкім жоқ, еш­кім мәселелерін шешпейді. Не істеуі­міз керек?», – деп сұрады Мемлекет басшысы.

Жеңіс Қасымбек министрлікте Ин­вес­тиция комитеті бар екенін тілге тиек еткен. «Қазір біз инвестицияны да­мы­ту стратегиясын әзірлеп жатыр­мыз. «Бір терезе» принципін айқын­дап, Үкі­меттен әрбір инвестормен келіс­сөз жүр­гізу­шіні белгіледік, ол – «Қазақин­вест» ұлттық компаниясы», деді министр. «...Маған керегі – инвесторлардың «Қазақстан өзгерді, барамыз» деуі. Бұл – бірінші. Екінші – экспортпен кім шұ­ғыл­данады?» деп сауал қойды Елбасы. Бұл сауалға Үкімет басшысы Бақыт­жан Сағынтаев жауап берді. «Нұрсұл­тан Әбішұлы, өзіңіз айтып өткен­дей, Жарлығыңызға сәйкес өкілеттік­тің барлығы осы министрлікке (Инвести­ция­лар және даму министрлігі) берілді. Соған байланысты министрлікте құры­лым­дық өзгерістер болып жатыр», деп түсін­дірді Премьер-Министр. Инвестициялар және даму министрі­нің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан көлік кешенін дамыту арқылы логисти­каның тиімділік көрсеткіші бойынша халықаралық рейтингте 88-орыннан 77-орынға көтеріліпті. Биыл өндіріс пен экспорттың арту қарқыны басталуға тиіс.

Облыс әкімдерінің есебі тыңдалды

Кеңейтілген отырыста бірқатар облыс­тың әкімдері сөйлеп, Мемлекет бас­шысы жүктеген міндеттер мен қабылданған бағдарламалардың қалай атқарылып жатқаны туралы хабарлады. Мәселен, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов­тың айтуынша, облыстың атқару­шы ор­гандары Елбасының жуырда жария­лаған Жол­дауын­дағы міндеттерді іске асыруға кірісіп кеткен. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өнеркәсіп өндірістеріне озық технологияларды енгізуге көңіл бөлі­ніп жатқаны туралы айтты. Шығыс Қазақ­стан облыстық университетімен бірлесіп, 8 млрд теңгенің тәжірибелік-конс­трук­тор­лық жобалары өндіріске енгізіл­ген. Со­ның арқасында өнім түрлері көбейіп, мұнай-газ, фармацевтика салаларына қа­жет­ті жаңа құрылғылар шығарыла бастапты. «Шығыс Қазақстанның экономика­лық өсімін қамтамасыз ететін салалар­дың бірі – аграрлық сектор. Ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­ші­лермен қатар, қосал­қы шаруашы­лық­тарды дамытуға да басым­дық беріледі. Біздің басты міндетіміз – өзін өзі жұмыс­пен қамтуды заңды түрде табыс­ты бизнес­ке айналдыру, ұсақ шаруа­шы­лықтарды кооперативтерге біріктіру», деді Даниал Ахметов.

Өсімге мүмкіндік бар

Баяндамалар тыңдалып, талқыланған соң, Мемлекет басшысы отырысты қоры­тын­дылап, сөз сөйледі. Жиында қарал­ған мәселелердің өзектілігіне тоқта­лып, Үкімет мүшелеріне нақты тапсыр­ма­лар жүктеді. Өзінің биылғы Жолдауын­да ай­тылған тапсырмаларды да тағы бір тара­зылап, 2025 жылға дейінгі страте­гия­лық даму жоспарын әзірлеу кезінде «Қазақ­стан-2050» стратегия­сының мақ­сат­ты индикаторларын назарға алуды тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасын одан әрі дамыту үшін қажетті әлеует бар екенін айтып, ішкі жалпы өнімнің тұрақ­ты өсімін 5 пайыз деңгейінде сақтау қажет­тігіне тоқталды. «Таяу жылдары им­порт алмастыру ішкі жалпы өнімнің 5 пайызға дейінгі өсімін бере алады. Экс­порт­қа белсенді түрде мемлекеттік қолдау көрсету жағдайында өнеркәсіптің басым­дығы бар секторларындағы өсімнің өзі ғана 6 млрд доллар болады. Бұл экс­порт­­тың көлемін 20%-ға дейін, ішкі жалпы өнімнің көлемін 5%-ға дейін арттыру­ды қамтамасыз етеді. Орта мерзімді перс­пек­ти­вада тек Қашағанның үлесі ішкі жал­пы өнімнің 2-2,5% деңгейінде болады деп жо­ба­ланып отыр», деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті өңірлерде даму­дың индустриялық-инновациялық бағ­дарламасы аясында қолға алынып, тұралап қалған жобаларға назар аударды. Елбасы әкімдерге даму институттарымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалыптасқан жағдайды түзеуді тапсырды.

Ревизия жүргіземіз

Мемлекет басшысы қатысушылар назарын шағын және орта кәсіпкерліктің тауар шығару мен қызметтер көрсету деңгейінің төмендеуі, оның субъектілері мен онда жұмыс істейтін адамдар саны­ның қысқаруы үрдістеріне аударды. Қазақстан Президенті бизнесті реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көп екенін ескертіп, азаматтардың қауіп­сіздігі мен денсаулығын қорғауға қаты­сы жоқ басы артық кедергілерді азайтуды тапсырды. «Үкімет жоспарлы тек­серіс­тердің тоқтатылғаны, қатерлерді бас­қару­дың жаңа жүйесінің енгізіл­гені, мем­ле­кеттік қызметтер көрсетудің электрон­дық нысанға көшкені жөнінде баяндайды. Алайда, тексеруші органдар қызметкерлерінің саны іс жүзінде қысқарған жоқ. Үкіметке Бас прокуратурамен және «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасымен бірлесіп, бақылау-қадағалау функцияларына ауқымды ревизия жүргізуді тапсырамын. Мерзімі – тоқсанның соңына дейін», деді Елбасы. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев бизнес саласындағы қазіргі заңнама­ны ізгілендіру, сондай-ақ жаңа Кеден кодексін әзірлеу барысында әкімшілендіру рәсі­мін жеңілдету жөнінде жұмыс жүргізуді тапсырды. «Ревизия жүргізіп, барлық тиімсіз салық жеңілдіктерін және артық­шылықтарды алып тастау қажет. Салық заңнамасы іскерлік белсенділікті, инвес­тиция тартуды ынталандырып, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Кәсіпкерлік кеңейді

Қазақстан Президенті мемлекеттік кәсіпорындар үлесін азайту қажеттігін, жекешелендірудің қорытындысы бойынша мемлекеттік меншікте қалдырылуы негізді деп танылған ұйымдардың нақты тізімін жасаудың маңыздылығын атап өтті. «Үкіметке «Yellow Pages» қағидатына сәйкес мемлекет иелігінде қалуға тиіс мекемелер мен кәсіпорындардың түпкілікті тізбесін әзірлеуді тапсырамын. Бұл тіз­беге енбеген кәсіпорындар 2020 жыл­ға дейін жекешелендірілуге немесе жабылуға тиіс. Бұған дейін бекітілген Жеке­­ше­­лендірудің кешенді жоспарының тізбе­сіне қатысты жұмысты 2020 жылға дейін емес, 2018 жылдың соңына дейін іске асыру қажет», – деді Елбасы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамыту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіздігін айтып, бұл жұмысқа тікелей әкімдер жауапты екенін атап көрсетті. «Мемлекет-жекеменшік әріп­тестігін, әсіресе, коммуналдық және әлеу­меттік салаларда дамыту қажет. Үкі­мет рәсімдерді жеңілдету, үйлес­тіру тұр­­­ғысынан және әдістемелік, инфра­құры­­лымдық тұрғыдан барлық қажетті қол­дауды көрсетуге тиіс. Бизнеске нақты шарттар ұсынып, мемлекеттік тапсы­рыс­тың ұзақ мерзімге негізделген кепілдігін қамтамасыз ету қажет», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттік сатып алу инновацияланады

Қазақстан Президенті мемлекеттік сатып алу саласында импортты алмас­тыру­­ға және отандық өндірісті дамытуға мүм­­кін­дік туғызатын жағдай жасау қа­жет­тігіне назар аударды. Осы орай­да Мем­­лекет басшысы Үкіметке әкімдік­тер­мен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, ірі кәсіпорындарда жергілікті қамту үлесін арттыру жөнінде мақсатты түрдегі нақты индикаторлар белгілеуді тапсырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. «Ұзақ мерзімге арналған, яғни «оффтэйк» келісімшарттарын жасауды қамтамасыз ету керек. Заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу қажет. Бюджеттік нысандарға қатысты жоба­лық-сметалық құжаттамалар әзір­леу кезінде ең алдымен отандық өнім­ді қамтыған жөн. Сатып алу рәсім­дері мен өндірушілерге қатысты бірыңғай IT-платформа әзірлеу керек», деп тапсырды Қазақстан Президенті.

Ауыл шаруашылығына басымдық беріледі

Қазақстан Президенті ел экономика­сында аграрлық сектордың әлеуеті жет­кілік­ті түрде пайдаланылмай отыр­ғанына, был­тыр өндіріс көлемі бес жыл бұрынғы деңгей­мен салыстырғанда елеусіз өсім көрсет­кені­не тоқталып өтті. «Агрохолдинг­тер­­дің қар­жылық жағдайы қанағаттанарлық­­тай емес. Ауыл шаруашылығы техника­­сын сатып алу мен лизингке алуды субси­­дия­лауға мол қаражат бөлінуде. Сонымен бірге, бұл жұмыс жеткілікті түрде бір жүйеге қойылып, ұйымдастырылмаған. Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы түрлі өндірушілерден сатып алынады. Сол себептен қосалқы бөлшектер бірізділендірілмейді. Машина паркі ұтымды пайдаланылмайды. Бір өңірде ком­байндар бос тұрса, басқаларында олар жетіспейді», деді Мемлекет басшысы. Осыған орай Бас прокуратураға Есеп комитетімен бірлесіп тиісті тексеріс жүргізу, ал Премьер-Министрдің орын­басары – Ауыл шаруашылығы министріне қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту тапсырылды. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев астықты үш өңірдің әкімдеріне биылғы жылдың 1 наурызына дейін проблемалы агрохолдингтерге қатысты келісілген шешім шығаруды тапсырды.

Әлеуметтік салаларға тың серпін

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан рефор­малардың маңыздылығына ерекше тоқталып, солардың нәтижелеріне сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасының артуы көзделіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бұл саланы дамытуға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігі төмен екендігін айтты. «Түрлі елдерден сатып алынып жатқан құрал-жабдық бірқатар өңірде кәдеге аспай тұр. Тиісті біріздендіру болмаса, оларды қалай пайдаланамыз? Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты да түйткілдер бар. Мемлекет нормативті дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ететіндігін баса айтқым келеді. Бұл ретте жаңа фармацевтік өндірістер салуға да мүмкіндік бермейтіндер бәсекелестіктен қорқады», деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министріне барлық түйткілді мәселелер бойынша талдау жүргізіп, шешім қабылдауды, реформаларды сапалы іске асыруды, сондай-ақ «СК Фар­мация» кәсіпорнында кадрлық ревизия жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің, үш тілде білім берудің және ҰБТ-ның жаңа жүйесінің маңыздылығына тоқталып, осы орайда бұл реформалардың мазмұнына қатыс­ты халықты хабардар ету онша тиімді іске асырылмай отырғанын атап өтті. Осыған байланысты жауапты мем­ле­кеттік органдарға тиісті шаралар қабыл­дауды тапсырды.

«Бюджеттің берекесін қашырмаңдар!»

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде жүр­гізіліп жатқан барлық реформа қажет­ті қаржыландыру көзімен қамта­ма­сыз етілгенін атап өтті. Бұл орайда, Есеп комитетінің ақпаратына сәйкес, был­тыр 160 млрд теңгеден астам қаражат мөл­шерінде қаржылық заң бұзу жайттары анық­талған. «Әкімшілік жауапкершілікке – 47, тәртіптік жазаға 223 лауазымды тұлға тартылған. 2015 жылмен салыс­тырғанда, бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың анықталған көлемі үш есе артып, 382 млрд теңгеге жеткен. Үкіметке мемлекет қаражатына қыл­мысқа барабар немқұрайлылық таныту фактілерін қарастыру үшін арнаулы комиссия құруды тапсырамын. Алдымен Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерін тексеру қажет», деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мем­лекеттік органдар басшыларына лауазымдарды оңтайландырып, содан үнем­делген қаржыны басқа қызметкерлер арасында қайта бөлу құқығын беруді ұсынды. Соңында Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтетіндігіне және кейін оның инфрақұрылымын ұтымды пайдалану қажеттігіне қатысушылар назарын аударды. Және де жүргізіліп жатқан реформалар мен белгіленген міндеттердің іске асырылуына әрбір басшы тікелей жауапты болатындығын ескертті. Арнұр АСҚАР, Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды