04 Ақпан, 2017

Адами капиталды жақсартуға ерекше назар аударылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Пар­ламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс жә­не қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Тұңғыш Президент қоры мен Әлемдік эконо­ми­­ка және саясат институтының қызметкерлерімен кез­дес­ті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қыз­­меті. Кездесу барысында Пре­зи­дент Н.Ә.Назар­баевтың «Қазақстанның үшін­ші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсе­кеге қа­бі­леттілік» ха­лық­­қа Жол­дауын іс­ке асыру мәселелері тал­қы­лан­ды. Стратегиялық құжат­тың төр­тінші басымдығы – адами ка­­питалды жақ­сар­туға ерек­ше назар ау­да­рылды. Кез­де­су­­ге қа­тыс­ушылар ауылдық же­р­­­лердегі бі­лім беруді да­мы­­­ту, үш тіл­де білім беруге ке­зең-ке­зеңімен көшу, «Бар­­­шаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім бе­ру» жобасын іске асыру мә­селелері жөнінде өз пікір­ле­рін ортаға салды. Д.Назарбаева институт са­рапшылары мен қор қыз­мет­керлерінің назарын Жол­дау ережелеріне сәй­кес жұ­мысты қайта қа­лып­тас­ты­ру қажеттігіне аударды. «Ха­лықтың мұң-мұқ­та­жы­на, ішкі сая­сатқа назар ау­да­ры­ңыздар, мемле­кет өмірі­не белсенді қа­тыс­ы­ңыз­дар», – деді сенатор.