04 Ақпан, 2017

Жолдау ғылыми ауқымды негіздерге сүйенген

270 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының үшінші жаңғырудың бес басымдығын жүзеге асыру мәселесі республиканың ғылыми қоғамы алдында кең көлемде талқыланды. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы «Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі мәселелерін жүзеге асыру туралы міндеттер» тақырыбына байланысты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауына байланысты ҚР ҰҒА төралқасының кеңейтілген отырысы болып өтті. Белгілі ғалымдардың басын қосқан алқалы отырысқа ҰҒА төралқасының акаде­ми­ктері, корреспондент-мү­шелері, академияның құр­мет­­ті мүшелері, жоғары оқу орын­дарының ректор­лары, ғы­лыми-зерттеу ин­с­т­и­­тут­тарының директорлары ша­қы­рыл­ды. Экономика ғылы­мы­ның айтулы білгірі, академик Сағындық Сатыбалдин, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Рақымжан Елешов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Қожамқұлов, филолог ғалым, академик Өмір­зақ Айтбаев, экономика ғы­лым­дарының докторы, профессор Тілектес Есполов сияқты әр­түр­лі ғылым саласының көшін өр­ге сүйреп жүрген жетекші ға­лымдар сөз алған жиынды ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов жүргізіп отырды. Ол биылғы Жолдаудың «Қазақстан-2050» стра­те­гия­лық мақсатына жетуге мүм­­кін­дік беретін, ғаламдық бә­­се­кеге қа­білеттілікті қам­та­ма­сыз ете­тін, эко­номикалық өсім­­ге жол аша­тын жаңа модель болып табыла­тынын ай­та келіп, тарихи ма­ңы­зы зор құ­­жаттың басты ерек­ше­лік­те­­рін айқындауға бай­ла­ныс­ты ғалымдарды ой-пі­кі­рі­мен бөлісуге шақырды. С.Сатыбалдин Жолдауда қазіргі жаһандық ахуал сыни тұр­ғыдан терең талданып, эко­номикалық және саяси-әлеу­мет­тік жолдарының анық­тал­ғанын ай­тып, баяндамасын нақты мы­сал-деректермен дәйектеді. Қазақстан экономикаға инвестиция тарту жөнінен әлемдегі 185 мемлекеттің ішінде 42-орынды иеленеді. Инвестиция тарту, оны бақылау, оның жұмыс істеуі үшін тетіктер қалыптастыру деген мәселе күн тәртібінен түспеуі тиіс. Ал инвес­тиция дегеннің өзі тек тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрған жерге ғана келетіні анық. Академиктің айтуынша, ­жа­ңа инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық бі­лім беру жүйесін дамытуға жә­не оның мүмкіндіктерін әлем­дік білім додасына ен­гіз­у­дегі са­бақтастыққа қол­да­ну не­гізгі мән­ге ие болып отыр. Сон­дай-ақ, Қазақстандағы ша­­ғын кәсіпорындарды, ұсақ кә­сіп­тер­ді жандандыру мәселесі де экономикадағы үлкен түйін­ді шешудің бір жолы. Пай­да­ланылмай, игерілмей, жеке қол­дың иелігінде жұмыс істемей отыр­ған 1 млн гектар жерді қай­тарып, жеке кәсіптің иелерін Үкі­мет тарапынан 16 млн-ға дейін қаржыландыруды бас­таса, Жолдауда айтылған ба­сымдықтың үлкен бір тар­ма­ғы орындалған болар еді. Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің ректоры Т.Есполов эко­номиканың еңселі саласы болып есептелетін ауыл ша­руа­шы­лы­ғы жайлы, аграр­лық әлеуеті жо­ғары қуат­ты Қазақстанда ауыл­шаруа­шы­лы­­ғы бағытындағы шағын жә­не ор­та кәсіпкерлік пен өн­ді­ріс құ­рып, дамытуға сер­пін беретін мін­деттер мен оны шешуге байла­нысты тың ұсы­ныс­тарымен бө­ліс­ті. Өйт­ке­ні, қуатты Қазақстан де­геніміз, ең алдымен, халықтың басым бө­­­лігі қоныстанған ауылдың, өңір­­лердің, әрине, ауыл шаруа­шы­­лығының қуаттылығы екені сөзсіз. Экономиканың жедел­де­тіл­­ген технологиямен қайта жаб­­дықталуы, сонымен қа­тар, агроөнеркәсіптік кешен, кө­лік және логистика, тұр­ғын үй нарығының дамуы мен оның мемлекеттік қолдау ме­ха­низмі, үштілділік, сондай-ақ, қазақ­стан­­дық ғалымдарды инно­ва­­­циялық, цифрлық техноло­гия­­ларды жасауға қатыстыру жә­не жалпы жұртты үшінші жаңғырту үдерісіне қатыстыру туралы ғалымдардың ғылыми негізге сүйене отырып айтқан ғибратты әңгімесі Жолдаудың мазмұнымен сәйкестік тауып, Президент көтерген бастамаларды байыта түсті. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ