04 Ақпан, 2017

Іспен жауап берілмек

130 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан хал­қы­на Жолдауын іске асы­ру мақсатында Ақтөбе облысы ак­ти­вінің жиналысы өт­кі­зілді. Қазірдің өзінде өңір­­де жылдың бас­ты құжатын талдап түсіндірудің кең ау­қым­ды іс-шаралары бе­кітілді. Мемлекет басшы­сы Қазақ­с­тан хал­қы­на ел үшін мә­ні мен ма­ңы­зы аса жоғары екі жағ­­дай­ға байланысты сөз ар­на­­­ды. Оның біріншісі бұған де­йін Пре­зиденттің қолында шо­­ғырланып келген бірқатар өкі­леттіктерді биліктің тағы бір ­тармақтары –Үкімет пен Пар­­л­а­мент­ке ауыстыру мәсе­ле­­лесіне ар­налды. Оның еліміз үшін тарихи маңызы бар. Одан кейін Елбасы Қазақстан хал­қына биылғы Жол­дауын жа­рия етті. Әр жыл сайын Қазақстан халқы Пре­зидент Жол­дауын елең­деп күтетіні дәс­түрге айна­лып келеді. Осы орай­да, биыл­ғы Жолдауға тән бас­ты ерек­ше­ліктер – еліміздің бәсе­ке­ге қабілеттілігін көтеруге ар­налғаны, инновация мен жа­ңа технологияларды енгізуге ба­­сы­мдық бергені деуге болады. Активте сөз алған ақтөбе об­лыс­ының әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзін осы арнадан сабақтады. Қазіргі күні Ақтөбе айма­ғын­­д­а Мемлекет бас­шысының бер­ген тапсырмаларын жедел әрі сапалы түрде орындау мақ­са­тында іргелі істерді жол­ға қою белгіленген. Әсіресе, со­­ның ішінде геологиялық бар­­лау жұмыстарын одан әрі жандандыруға баса кө­ңіл бө­лін­ген. Президент Жол­дау­ы­н­­да ауыл шаруа­шылық коопе­­ративтерін құру ісіне жа­­ңа б­етбұрыс жасау керектігі көр­­сетілген. Сондай-ақ, өнімді өң­деу көрсеткіштері деңгейін кө­­теру көзделген. Бүгінгі күні облыс­та 104 кооператив құрылған. Ал таяу уақытта өңір­де ауыл шаруашылық коопе­ративтері негізінде сүт жә­не ет өнімдерін өңдеу цехтарын құ­ру белгіленіп отыр. Сонымен бірге, аймақта ауыл шаруашылығы саласы­на жаңа технологияларды шұ­ғ­ыл енгізу және суармалы жер­лердің көлемін көтеру жө­нінде де айқын мақсат қой­ылған. Егер нақты деректер­ге сүйенсек, 2015 жылы оның кө­лемі 12 мың гектар құ­раса, өт­кен жылы бұл аумақ 18 300 гектарға дейін ұлғайған. Мұ­ның сыртында 19 500 гектар жердің құнарын көтеру мен қалпына келтіру жөнінде жо­балау-сметалық құжаттар жа­салған. Ал алдағы 2018 жы­лы облыста суармалы ал­қап­тардың аумағын 40 мың гектарға дейін ұлғайту көз­дел­ген. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ