Жақында Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ұйымдастыруымен еліміздегі кең ауқымды саяси және экономикалық реформаларға арналған брифинг болып өтті, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілі Марат Сыздықов пен елшіліктің кеңесші-елшісі Болат Иманбаев журналистерді Қазақстан Президентінің үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында жариялаған билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне арналған Үндеуі мен оның үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында жариялаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.
М.Сыздықов басталған жыл Қазақстан үшін қым-қуыт оқиғаларға толы және халықаралық күн тәртібі бойынша мазмұнды жыл болып отырғанын атап көрсетті. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өзінің міндеттеріне кіріссе, арада көп уақыт өтпей Астанада Сирия дағдарысын реттеу бойынша көпжақты келіссөздер ұйымдастырылды. Қаңтардың аяғында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев негізінде билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мен саяси жүйені демократияландыру жатқан елдегі демократиялық жаңғыруларды әрі қарай тереңдетудің жоспарын жария етті. Ол Қазақстан Көшбасшысы 2015 жылдың наурыз айында жария еткен Бес институттық реформаны жүзеге асырудың ажырағысыз бөлшегі болып табылады.
Дипломат бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін конституциялық және заңнамалық өзгерістердің қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырып, реформаның Қазақстанды уақыттың жаңа сын-қатерлеріне дайындайтынын атап көрсетті. Жаңа жағдайларда Мемлекет басшысының құзыретіне стратегиялық функциялар – билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастарда жоғарғы төреші рөлі енетін болады. Президент, сондай-ақ, өзінің назарын сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеті мәселелеріне шоғырландырады.
М.Сыздықов Президенттің қазіргі өкілеттіктерінің белгілі бір бөлігі Үкімет пен Парламентке берілетінін, мұның атқарушы және заң шығарушы биліктің жауапкершілігі мен тиімділігін айтарлықтай жоғарылататынын хабарлады. Мұндай өкілеттіктердің саны шамамен 40 шақты. Өкілеттіктерді беру Конституция мен тиісті заңдарға өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Тұтастай алғанда, Президент өз өкілеттіктерінің айтарлықтай бөлігін беруді бір ғана мақсатта – елді басқарудың дамудың демократия жолымен жүріп келе жатқан заманауи жүйесін қазіргіден де тиімдірек, орнықтырақ етуді жүзеге асыру мақсатында қолға алып отыр.
Өз кезегінде Б.Иманбаев жұртшылықтың назарын Қазақстанды экономикалық жаңғыртудың Президенттің Жолдауында жария етілген үшінші кезеңін түсіндіруге аударды. Ол ширек ғасыр бедерінде Қазақстанда екі жаңғырту жүзеге асырылса, олардың нарықтық экономика қағидаттарына негізделген жаңа мемлекет құрып, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіндік бергенін хабарлады.
Б.Иманбаев қатысушылардың назарын еліміз экономикасының өсу қарқынының орташа әлемдік деңгейден жоғары болуын және Қазақстанның алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына тұрақты түрде ілгерілеуін қамтамасыз етуге тиіс болатын бес негізгі басымдыққа аударды. Бұларға экономиканы жедел технологиялық жаңғырту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адам капиталы сапасын жақсарту, институттық қайта жаңғырулар, сондай-ақ, қауіпсіздікпен және жемқорлықпен күрес мәселелері жатады.
Дипломаттың сөзінде жаңа экономикалық бағдарламаның маңызды қырлары технологиялық жаңару мен цифрлық технологиялар базасында жаңа салалар құру болып табылатыны атап өтілді. Жаңа индустрия құрумен қатар, Қазақстан дәстүрлі арқаулы салаларға екпін береді. Олар: өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика, құрылыс секторы және тағы басқалар. Осыған орай, Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын дамудың 2025 жылға дейінгі мерзімге арналған стратегиялық жоспарын жасау тапсырылды.
Б.Иманбаев Қазақстан Президентінің Жолдауы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен жаһандық технологиялық өзгерістерге қисынды жауап болып табылатынын атап көрсетті. Өйткені, құжатта елді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамытудың нақты механизмдері көрініс тапқан.
Брифингтің қорытынды бөлігінде қазақстандық дипломаттар ресейлік бұқаралық ақпарат өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
МӘСКЕУ,
Ресей Федерациясы
• 04 Ақпан, 2017
Мәскеуде ҚР Президентінің бастамалары түсіндірілді

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан
Оқиға • Бүгін, 13:40
Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 13:23
Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады
Қоғам • Бүгін, 13:04
Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды
Мәдениет • Бүгін, 12:51
Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?
Медицина • Бүгін, 12:42
Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?
Спорт • Бүгін, 12:33
Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды
Оқиға • Бүгін, 12:26
Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 12:15
Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады
Ата заң • Бүгін, 12:03
«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады
Референдум • Бүгін, 11:50
Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр
Саясат • Бүгін, 11:37
ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды
Ата заң • Бүгін, 11:35
Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?
Әдебиет • Бүгін, 11:30
76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады
Медицина • Бүгін, 11:23