Сапар барысында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньермен кездесті. Әділбек Жақсыбеков оны жақында ғана жоғары әрі мәртебелі қызметке тағайындалуымен құттықтады. Қазақстан Республикасының төрағалық етуіне арналған салтанаттың ашылуында сөйлеген сөзінде Әділбек Жақсыбеков Ұйымның әскери-саяси дамуына Көшбасшымыз – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі зор екендігін атап өтті.
Сенім мен қауіпсіздік шараларын күшейту үшін басқа да қатысушы мемлекеттермен инспекциялық жұмыстар белсенді жүргізілуде, әріптестік қарым-қатынастар нығаюда. Қазақстан Ұйымның белсенді мүшесі ретінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аумағында қауіпсіздік мәселесін қолдап келген және бұдан былай да қолдау көрсете бермек.
Форумда қазақстандық делегация Вена құжатын жетілдіре түсу туралы мәселені талқылап, оны шешудегі авторлардың біріне айналды. Қорғаныс ведомствосының басшысы Қазақстанның алға қадам басуға ниетті екендігін білдірді.
– Біз Қазақстан басшысы мен Үкіметінің Вена құжатын жаңарту жөніндегі 2010 жылы Астана қаласында берген тапсырмасын орындауға тиісті екенімізді жете түсінеміз, – деді Әділбек Жақсыбеков. – Биылғы жылғы қараша айында құжатты жаңартудың бірінші кезеңін табысты аяқтауға біздің қажыр-қайратымыздың жететіндігіне сенеміз және осы бағытқа бар күшті жұмылдыруға барлығыңызды шақырамыз.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.
Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 00:40
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады
Теннис • Кеше
Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды
Елорда • Кеше
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Қоғам • Кеше
Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?
Қоғам • Кеше
Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?
Қазақстан • Кеше
Рамазанға орай Лондон көшелері безендірілді
Әлем • Кеше