Былтыр көктемде сай-саланы қуалай аққан қызыл су бірқатар ауылдар мен облыс орталығындағы шағын аудандарды шайып кетіп, тұрғындарды әлекке салғаны бар. Биыл мұндай қауіпті барынша азайтудың, болдырмаудың жолдары алдын ала қарастырылып, сақтық шаралары күшейтіліп отыр. Синоптиктердің болжамына қарағанда, қардың шамадан тыс жаууы салдарынан көктемгі су тасқыны тағы да ырық бермей кетуі мүмкін.
Бүгінде бірнеше жедел топтың құрамына енген тәртіп сақшылары мен тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мекемесінің қызметкерлері жолдар мен көшелердің жағдайына мониторинг жүргізумен шектелмей бақылау рейдтерін де ұйымдастырып отырады. Кезекті тексерулер барысында аулаларды, мекеме жандарын үйінді қардан тазаламаған басшыларды «қара тізімге» енгізіп, ықпал ету шаралары қолданылды. Ескертулерге құлақ аспаған «тентектер» мен «ақпа құлақтар» қалталарынан қағылуға тура келді. Алты кәсіпорынға 136 мың теңге айыппұл салынып, тәубелеріне келтірді.
– Қатарымызға пәтер иелері кооператив мүшелерін де тартып отырмыз. Бірлесе жұмыс істеудің арқасында 300-ге жуық мекеме-ұйымға хабарлама таратылды. 235 хаттама толтырылды. Ал қар тазалау жұмыстары сапасыз атқарылса, ешкім де әкімшілік жауапкершіліктен құтылмайды. Қатаң талапты босаңсытуға болмайды. Тұрғындар көктемде қарғын судың зардабын тартпас үшін барлық күш-жігерді жұмылдырудамыз,– дейді қалалық жергілікті полиция бөлімі бастығының орынбасары Шәмшиден Ақышев.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
ПЕТРОПАВЛ

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше