04 Ақпан, 2017

Үкімет басшысы бизнесті бақылау-қадағалау қызметтеріне тексеру жүргізуді тапсырды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бизнесті тексеруші органдардың санын қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кезектен тыс отырысында Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше республикада бақылау-қадағалау қызметін 61 ведомство жүргізетіндігі айтылды. Оның 45-і  - орталық мекеме. Кәсіпкерлерге 28 мыңнан астам талап қойылады. Осыған орай 1 айдың ішінде Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп,  барлық бақылау-қадағалау қызметтеріне ревизия жүргізіп, Үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Сағынтаев. Осы ретте  Үкімет басшысы ең алдымен бизнеске қойылып отырған өте жоғары талаптар мен әкімшілік кедергілерді  қысқарту қажеттігін ескертті. «Заңнамалық актілерге барлық өзгертулерді оы жылдың ішінде қабылдау қажет. Сонымен қатар тексеруші органдарының санын қысқартуға қатысты да ұсыныс енгізілуі тиіс», - деді ол.