04 Ақпан, 2017

Айдова тағы да қола жүлдегер

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты. Жаңа ғана Медеу мұзайдынында аяқталған конькиден 1000 метр қашықтықта жерлесіміз Екатерина Айдова қола жүлдеге қол жеткізді. Ең үздік нәтиже көрсеткен Ресей спортшысы Александра Качуркина (1:19:10) алтын медальға ие болса, екінші орынға оңтүстіккореялық Ким Хьюн-Юн (1:19:19) көтерілді. Үздік үштікті Екатерина Айдова (1:19:53) түйіндеді. «Жоспарды ойдағыдай орындай алдым деп айта аламын. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, алғашқы айналымды дұрыс жүгіріп өте алмадым. Екінші айналымда нәтижемді жақсартып, жеңімпаздар қатарынан көрінгеніме қуаныштымын. Мен бұл көрсеткішпен тоқтап қалмаймын. Ертең командалық есепте жақсы нәтиже көрсетуге талпынамыз», деді Е.Айдова. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Е.Айдова 1500 метр қашықтыққа жүгіруден қола жүлдегер атанған болатын. Алмас Манап, "Егемен Қазақстан" Суреттерді түсірген автор