06 Ақпан, 2017

Жетістіктерді жалғастыру жолында

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенатор М.Тағымов Ақтөбе облысындағы Темір ауданында болды. Аудан орталығы Шұбарқұдық ауылында депутат аудан активімен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен, ардагерлермен, сондай-ақ аудандық құқық қорғау, сот және прокуратура органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауында айтылған бастамалар шараның басты тақырыбы болды. Сенатор М.Тағымов аймақ жұрт­шылығына арнаған сөзінде «Мем­лекет басшысы қазақ­стан­дықтардың алдына елімізді Үшінші жаңғырту туралы міндет қойып отыр. Өткен екі жаңғырудағы жоғары жетістіктер бізді қазіргі кезде де, келешекте де табысқа жетелеуі тиіс», – деді. Депутат өз сөзінде Жолдаудың не­гізгі ережелері мен оны іске асыру жолында алда тұрған міндеттер туралы хабардар етті. Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі бас­қару органдары қызметінің құқық­тық негіздерін жетілдіру, жекемен­шік құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған алдағы рефор­маларға баса назар аударылды. Мәслихат депутаттары мен қара­пайым азаматтар Мемлекет басшы­сы­ның Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды іске асыруға әзір екен­д­іктері туралы ойларын ортаға салды. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» АҚТӨБЕ